2018 жылы Павлодар облысында 300 мың шаршыға жуық тұрғын үй қолданысқа беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы басшысының тапсырмасы бойынша құрылыс басқармасы 2018 жылы қолданысқа енгізілетін 241 мың шаршы метр тұрғын үй жоспарын 300 мың шаршыға дейін ұлғайтқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен алқа мәжілісінде құрылыс басқармасының басшысы Рустем Райысов айтты.

«Биыл пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 202 мың шаршы метрді құрауы тиіс», - деді спикер.

«Қаржыландырудың барлық көзі есебінен он айдың ішінде 167,9 мың шаршы метр баспана берілді. 2016 жылмен салыстырғанда өсім 149 пайызды құрайды. Бұл ретте, өңір басшысы өткен жылғы 149 пайыз мақтан ететіндей көрсеткіш емес екенін айтты. Себебі, тұрғын үй құрылысын пайдалануға беру рейтингінде Павлодар облысы көш соңында тұр. Бұдан басқа, құрылысқа кедергі болатын бірнеше себептер бар. Бұл - өз жұмысын адал атқармайтын мердігерлер, құқықтық базаның әлсіз дайындығы, заңгерлердің сапасыз жұмысы, мемлекеттік сатып алулардың ұзаққа созылуы және тағы басқа жағдайлар. Наурыз айына дейін барлық конкурстық процедураларды аяқтауды тапсырамын», - деді Болат Бақауов.

«Құрылыс басқармасын тек қана құрылыспен айналысу үшін автомобиль жолдары басқармасынан арнайы жеке бөлдік. Сіздерде 45 миллиард теңгенің 53 мемлекеттік сатып алу процедеурасы бар. Бұл мәселені наурыз айында шешуге тиіссіздер. Мердігерлер материалдарды сатып алып, жұмысқа дайындықты бастауы керек».

Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алуға қатысатын жекеменшік компаниялар алдын ала жұмысқа дайындалмайды. Себебі, конкурста жеңіске жете ме, жоқ па, оны білмейді. Ал, тендерді алған шағын фирманың қажетті жұмыс күші не техникасы, құрылыс материалы болмайды.

«Онда өз ақшаларыңызды бөліңіздер, бізде ресурс жеткілікті», - деді Болат Бақауов.

«Жобаларыңыз болса, конкурс өткізіңіздер, құрылысты бастаңыздар. Бұл бағытта жұмысты күшейту керек. Қалалар мен аудандардың әкімдері құрылыс бойынша қандай қиындықтар бар екенін айтсын. Кездесудің соңында облыс әкімі аудандар мен қалалардың әкімдеріне «ЗЖБИ Теміртас Павлодар» үй салу комбинатымен бірлесіп көпқабатты және жеке тұрғын үй құрылысына панельді үй салу жобасын әзірлеуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар