Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -22 °С
USD 323.20 EUR 395.56
RUB 5.72 CNY 50.48
Жаңалықтар

2018 жылы Қазақстанда қанша мұнай өндіріледі

2018 жылғы 11 қаңтар 13:09 1009
Поделиться:
2018 жылы Қазақстанда қанша мұнай өндіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылы мұнай өндірудегі болжамды жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, мұнай өндіру көлемі 2017 жылғы деңгейден кем болмауы тиіс.

«Біріншіден, баршамызды құттықтап, біздің мұнайшыларға алғысымызды айтуға болады. 86,2 млн тонна көлеміндегі шикізат рекордтық көрсеткіш болып отыр. Бұл өз кезегінде (2017 жылы) 4 пайыздық жалпы ішкі өнім өсіміне жетуіне айтарлықтай әсер етті. Биылға Энергетика министрлігіндегі әріптестеріміз мұнай өндіру көлемі шамамен осы деңгейде болатынын немесе біршама жоғары өндірілетінін жоспарлап отыр. Макроболжамды талқылау кезінде Энергетика министрлігі нақты көрсеткіштерді жариялайды», - деді Т. Сүлейменов Үкімет отырысынан кейін.

Ал мұнай бағасына болжам тұрғысында Ұлттық экономика министрі барреліне 45 доллар көлеміндегі ресми макроболжамға сілтеме жасады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Тимур Сүлейменов 2017 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 пайызды құрағанын айтқан еді.

 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат