2018 жылы Қазақстан екі жер серігін ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы жылы Қазақстан екі жер серігін ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылы бірлескен қазақстандық-британдық команда инженерлері құрып жатқан Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесінің 2 жер серігін ұшыру жоспарлануда. Осы орайда технологиялық мақсаттағы жер серігіне  Жерді қашықтықтан зондтау пайдалы жүктеме орнатылған. Ал ғылыми мақсаттағы жер серігінде Жердің ионосферасын зерттеу үшін ғылыми пайдалы жүктеме орнатылған», - деп атап өтілген ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген мәліметінде.

Технологиялық мақсаттағы жер серігі ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның «Ғалам» ЖШС мен «Surrey Satellite Technologies Limited» (Ұлыбритания) ғарыш саласындағы жетекші еуропалық компаниясымен оның өндірістік базасында бірлесіп құрылған. Бұл заманауи ғарыштық технологияларды Қазақстан тарапына беру бойынша барлық шектеулерді алып тастауға мүмкіндік берді.

Ғылыми мақсаттағы жер серігін ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар» АҚ-ның «Ғарыш техникасы және технологиялары институты» ЕЖШС-нің ғалымдары, мамандары жасаған. Яғни толықтай қазақстандық мамандардың күшімен әзірленген.

Соңғы жаңалықтар