2018 жылы Қарағанды облысындағы мектеп-интернаттар жөнделеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 2018 жылдың соңына дейін Қарағанды облысындағы барлық мектеп-интернаттар толық жөнделеді. Облыс әкімі Ерлан Қошанов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде қазіргі кезде 21 интернат жұмыс жүргізуде.

«Жалпы мектеп жасындағы балалар саны 2 178-ге жететін 113 елді мекенде мектеп жоқ. Оның үстіне оуқшылары аз нормативке сәйкес келмейтін кейбір мектептер жабылып жатыр. Мұндайда мектеп-интернаттарының маңызы зор», - дейді білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев.

Интернаттарды тексеру барысында олардың басым көпшілігі тозып, жөндеуді, бейнебақылау камерасын орнатып, заманауи жиһаздармен қамтамасыз етуді талап ететіндігі анықталды.

Есептеулерге қарағанда, мектеп-интернаттарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 89,9 млн теңге, жөнделетін ғимараттарға - 609,1 млн теңге, ал құрылысқа 1,1 млрд теңге кетеді.

Соңғы жаңалықтар