2018 жылы қанша мұнай өндіріледі - ҚМГ БӨ жоспары

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» АҚ-ы 2018 жылы қанша тонна мұнай өндіретіндігін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

 

Компания баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесі 2018 жылдың бюджетін және 2018-2022 жылдарға арналған бизнес-жоспарды бекіткен. Аталған құжатта мұнай өндірудің жоспарлы көлемі 2018 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да (ӨМГ) 5,6 млн тоннаны (тәулігіне 113 мың баррель) және «Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ) 2,9 млн тоннаны (тәулігіне 58 мың баррель) құрайды деп көрсетілген. Жалпы өндірудің жоспарлы көлемі ӨМГ мен ЕМГ-де 2018 жылы 8,5 млн тоннаны (тәулігіне 171 мың баррель) құрайды, бұл негізінен 2017 жылы ӨМГ-де базалық өндірудің азаюы салдарынан 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарынан 2 пайызға кем.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларының мұнай өндірудің жоспарлы көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі 2018 жылы 3,4 млн тоннаны (тәулігіне 68 мың баррель) құрайды, бұл ПҚИ және ҚГМ-де күтілетін мұнай өндіру деңгейінің табиғи азаюына байланысты 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарынан 5 пайызға аз. 

Компания 2022 жылға қарай ӨМГ мен ЕМГ-нің өндіру көлемдері тиісінше 6,2 млн және 3,0 млн тоннаға дейін өседі деп жоспарлайды, бұл ұңғымалардың ауыспалы қорымен жұмыс жасау жөніндегі кешенді шаралардың және қосымша геологиялық-техникалық іс-шаралардың есебінен 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарымен салыстырғанда жиынтықты 6 пайызға артық. Сонымен қатар, ҚГМ, CCEL және ПҚИ-дің жалпы өндіру көлемі 2022 жылы 1,9 млн тоннаны құрайды, бұл ең бастысы ҚГМ мен ПҚИ компанияларында өндірудің табиғи жолмен тиісінше 64 және 66 пайызға азаюы есебінен 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарымен салыстырғанда 46 пайызға кем болады. 

Жалпы, ҚГМ, CCEL және ПҚИ компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2022 жылы ҚМГ БӨ-нің өндірудің жоспарлы көлемі 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарынан 9 пайызға төмен.

Соңғы жаңалықтар