2018 жылы Атырауда 220 км көшеге асфальт төселеді

None
None
  АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2018 жылы Атырауда 220 км көшеге асфальт төсеу жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Келер жылдың жоспары бойынша 207 көшедегі жаңа жолдардың жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Олардың жалпы ұзындығы 220 километрді құрайды. Жаңа жолдар қаланың ішіне де, қала маңына да салынады. Әзірше комиссия инвесторлардың көмегімен жарық орнатылатын 174 көшені белгіледі. 184 көшеге жалпы ұзындығы 174 км болатын жаяу жүргіншілер жолы салынады», - деп мәлімдеді Өңірлік коммуникациялар қызметінде болған баспасөз мәслихатында Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов.

Ол 2017 жылы жалпы ұзындығы 200 км болатын 311 көшеге жол төсеу жоспарланып, мердігер ұйымдар жоспарды артығымен орындағанын тілге тиек етті. Қазіргі кезде қалада және қала маңындағы аудандарда жалпы ұзындығы 267 км болатын 330 көшеге асфальт төселді. Оған жергілікті бюджет қаражатынан 25 млрд теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар