2018 жылы Ақкөл, Қызыләуіт, Үшарал ауылдары газдандырылады - Жамбыл облысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Ақкөл, Қызыләуіт, Үшарал ауылдарына газ тартылады. Бұл туралы облыс әкімінің Талас ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде белгілі болды. Қазір аталмыш үш елді мекенге газ құбырын жеткізу бойынша жобалық сметалық құжаттар әзірлеу үшін тиісті қаржылар бөлінді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Талас ауданында арнайы жұмыс сапарымен барды. Іссапар барысында аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық, өндірістік нысандарында болады. Атап айтқанда, Ақкөл-Саудакент тас жолынан Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты Ақтөбе елді мекеніне дейінгі 3 шақырым тас жолдың жағдайын көру, осы елді мекендегі «Ақтөбе» мешіті мен бастауыш мектептің жағдайымен танысты. Сонымен қатар, Үшарал ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген спорт алаңын және спорт кешенінің құрылысы жоспарланған орынды көрді.

Жұмыс сапары барысында облыс басшысы «Қаратау ПРО» ЖШС-і, «Жамбыл Недр» ЖШС-нің жұмыс қарқындарымен және Қаратау қаласындағы пайдалануға берілетін 3 мөлтек аудандағы №51 көпқабатты тұрғын үйдің жұмысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар