2018 жылғы Олимпиаданың ақпараттық сайты іске қосылды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Корея Республикасының Yonhap ақпарат агенттігі 2018 жылғы Олимпиаданың ресми ақпарат тарататын - Пхенчхан ақпараттар желісін іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Yonhap агенттінің хабарлауынша, PNN жүйесіне қосылушыларға қысқы Олимпиада ойындарынан жаңалықтар, фотографиялар, бейне-роликтер мен ақпараттарды 7 тілде дер кезінде тегін таратып отырады.

Айта кетерлігі, «ҚазАқпарат» ХАА өткен жылы 3 қараша күні Yonhap агенттігімен келісімге қол қойып, PNN жүйесіне қосылған болатын. Бұл күнде PNN жүйесіне 55 ақпарат агенттігі қосылып үлгерді.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы Олимпиада ойындары Пхенчханда 9-28 ақпан аралығында өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар