2018 жылғы Олимпиада ойындарында Ресей әнұраны мен туын қолдануға тыйым салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей құрамасы 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына өз елдерінің атынан қатыса алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық Олимпиада комитеті Лозаннада (Швейцария) өткен арнайы отырыста осындай шешім қабылдап, ресми сайтында жариялады. 

Осыған дейін ХОК Ресейді 2014 жылғы Сочи Олимпиадасы кезінде допинг сынамаларын ауыстырды деп айыптаған. Сондай-ақ, Ресейдің Олимпиадалық комитетіне 15 миллион доллар айыппұл салды.

Енді Ресей құрамасы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында жарысқа OAR (Olympic Athlete from Russia) деген атаумен Олимпиада туы астында қатыса алады. Ақ Олимпиада кезінде оларға Ресей әнұраны мен туын қолдануға тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары  9-28 ақпан аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар