2018 жылғы 8 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 8 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.

8 сәуір,  жексенбі.  

Халықаралық сығандар күні

1971 жылы бірінші Бүкілдүниежүзілік сығандар конгресі өтті. Осы конгресте Бүкілдүниежүзілік сығандар одағы құрылып, әнұраны мен туы қабылданды. Сыған туралы алғашқы естеліктер 1501 жылы сыған таборының көсемі Васильдің Литва князі Александр Казимировичтен күзет грамотасын алған кезден бастау алады. Бүгінгі таңда аталған мереке ірі сыған ұйымдары бар 60-қа жуық елде жыл сайын аталып өтеді.

Халықаралық тайцзи және цигуна күні (имунитетті күшейтуге арналған көне қытайлық жаттығулар жүйесі).

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1824 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы П.М. Капцевичтің бұйрығымен полковник Броневскийдің отряды Қарқаралы сыртқы округін, ал сол жылғы сәуірдің 29-да подполковник Григоровскийдің отряды Көкшетау сыртқы округін ашты. Қарқаралы округінің аға сұлтаны болып, Бөкей ханның туысы Тұрсын Шыңғысов, ал Көкшетау округіне Уәли ханның ұлы Ғұбайдолла Уәлиханов сайланды.

1990 жылы ҚазКСР мемлекеттік комиссиясы «Целинтрансстрой» тресі салған Астанадағы теміржол вокзалын пайдалануға беру туралы актіге қол қойды.

1996 жылы нағыз энтузиасттар - науқас балаларды сауықтырудың жаңа амалдары мен әдістерін енгізуге тырысып отырған, кеңес беруге жетекші мамандарды шақыратын нағыз энтузиаст педагогтар мен медициналық қызметкерлер жұмыс істейтін «Самал» оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Мұндағы балаларды шығармашылық пен спортқа баулып, негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларды бөгетсіз қоғамда тұруға, өздеріне және өз мүмкіндіктеріне сенуге көмектесетін оқыту тренингтері мен жаттығулар өткізеді. «Самал» орталығы сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту үшін алғаш рет арбадағы адамдарға аяққа тұруға көмектесетін «ғарыш» костюмдері технологиясын қолданған ұйым ретінде қазақстандық Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

1999 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола облысының әкімдігі Астана қаласынан Көкшетауға көшірілді.

2005 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің «Тәуелсіз Қазақстанның шақалары» атты фото көрмесі өтті. Көрмеге қойылған жәдігерлердің қатарында «Қызыл кітап», «Номадтар алтыны», «Тарихи-сәулет ескерткіштері», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Спорт», «Көне Түркістан» сериялары бойынша  шыққан шақалардың суреттері бар.

2005 жылы Алматыда Халықаралық экономика мектебі ашылды. Мектеп - Қазақстан-британ техникалық университетінің бір бөлігі.

2006 жылы Алматыдан Солтүстік белдеуге Қазақстанның алғашқы полярлық экспедициясы шықты.

2008 жылы Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде «Ресейдегі қазақтар» кітабының таныстырылымы өтті. Хронологиялық қағида бойынша құрастырылған екі томдық жинаққа 600-ден астам өмірбаяндық анықтамалар енгізіліп отыр. Мұрағат материалдарына, анықтамалық-энциклопедиялық әдебиеттерге, жеке сауалдарға негізделген бұл кітапта әр жылдары Ресейде тұрған, сондай-ақ қазір де сонда тіршілік кешіп жатқан ұлты қазақ айрықша тұлғалар таныстырылады. Кітап нақты бір адамның тағдыры арқылы жаңа дәуірде Қазақстан мен Ресей аумақтарында орын алған тарихи және көші-қон үдерістерін қадағалауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған үдерістердің барысында Ресейде қомақты қазақ диаспорасы қалыптасып, бүгінде онда 1 миллионнан астам қазақ тұрып жатыр.

2008 жылы Ақтөбеде АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джон Ордвейдің қатысуымен республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың филиалында америкалықтардың бұрышы ашылды.

2008 жылы Қазақстанда Ұлттық бюджеттік желі құрылды. Жаңа құрылымның мақсаты - бюджеттік үдерістің ашықтығын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету. Осы бағытта қоғамның мемлекеттік бюджетті жоспарлау, құру, орындау, бақылау ісіне жанама түрде қатысуына қол жеткізуді және бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігін жақсартуды көздеп отыр.

2009 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Халықаралық жас физиктер «Космос, ядро, ғылым және нанотехнология» мектебі ашылды. Ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

2010 жылы Алматыда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар жарық көрген «Абайдың қарасөздері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. «Абай еңбегін орыс тіліне аударған қазақтың атақты аудармашысы Клара Серікбаева. Ол Шәһәрім, Әуезов, Аймауытов сынды ұлылардың шығармаларын орыс тіліне, шығыс ғұламаларының еңбектерін қазақ тілі мен орыс тіліне аударған. Ал ағылшын тіліне аудармашыны біз ұзақ іздедік. Өйткені, ұлы Абайдың шығармасы қазақ халқының рухани мәдениетінің шыңы болып табылады. Сондықтан біз, ең жақсы аудармашы-ақынды іздедік. Біздің сұрауымызбен, Абай еңбегін менің Англиядағы досым, түркітанушы Ричард Маккейн аударды. Ол орыстың ұлы ақындарының шығармаларын ағылшын тіліне аударған аудармашы- ақын», деді «Халықаралық Абай клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті, жазушы Роллан Сейсенбаев. Кітапты шығарудағы басты мақсат - қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармаларын әлемге таныстыру. Аталмыш кітапты «Халықаралық Абай клубы» қоғамдық бірлестігі 4000 данамен шығарды.

2010 жылы Атыраудағы «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу институтында жер қыртысы жағдайындағы кендік материалдарды зерттеуге арналған петрофизикалық зертхана іске қосылды. Бұл зертхана аймақтың жер қойнауын пайдаланушылары мұнайлы кен орындарының өнімді қыртыстарын, соның ішінде қазып алынған керндік материалды да тиісті зерттеулерін шұғыл әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін бірегей жабдықпен жарақтандырылған. Бұрын жер қыртысының өнімділігі деңгейін, мұнай жатқан жер тереңдігін айқындап беретін мұндай зерттеулер шет елдерде жүргізілетін еді. Енді соның бәрін өз елімізде жасауға тамаша мүмкіндік туды.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының көрме залында белгілі ғалым, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің құжаттық жеке қорының ашылу рәсімі өтті. Құжаттық жеке қорда 1961-2009 жылдар аралығында жазылған 700-ге жуық хаттар жинақталған. Соның ішінде, көрмеде Әлкей Марғұлан, Мәлік Ғабдуллин, Лев Гумилев, Ғабит Мүсірепов, Асқар Тоқмағамбетов, Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, Оралхан Бөкей, Жомарт Әбдіхалық, Иманғали Тасмағамбетов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, ақын-жазушылардан, әріптестерінен келген 20-ға жуық хаттар орын алған. Ақселеу Сейдімбек 1942 жылғы желтоқсанның 12-сі күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Байдалы би ауылында дүниеге келді. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған соң «Лениншіл жас», «Орталық Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Зерде» журналы мен «Әлем» альманағында жұмыс істеді. Одан кейін Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Қолжазба бөлімінің меңгерушісі, Ыбырай Алтынсарин атындағы білім институтының директоры, Қазақ Білім академиясының президенті, Қазақстан Республикасы Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Ғалым-этнограф 2000 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің професоры болып еңбек етті. Ақселеу Сейдімбек 2009 жылғы қыркүйектің 16-сы күні дүниеден озды.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Кембридж (Ұлыбритания) университетінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ғылыми-зерттеу қызметтерін бірге өткізу, Академия қызметкерлері мен тыңдаушыларына Кембридж университетінде стажировкалар өткізу, екі жақтың ынтымақтастығы мемлекеттік қызметкерлерді дайындау жөнінде құжатта қаралған. Бірлескен сертификациаланған бағдарлама жұмыстары бөлек қарастырылған. Кембридж университетімен серіктестік Академияның халықаралық қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге көтереді. Лайықты 2 және 14 орын алатын Беркли және Дьюк (АҚШ) университеті, Times Higher Education болжамы бойынша вуздардың дүниежүзілік рейтингінде  Лондондық экономика мектебі 5 орын - Академияның басқа да серіктестіктерінің арасында дүниежүзілік отыздық тобы көрсетілген.

2010 жылы жергілікті уақыт бойынша сағат 19:57-де «Байқоңыр» ғарыш алаңынан «Днепр» зымыран-тасығышы арқылы Еуропалық ғарыш агенттігінің (ЕҒА) «КриоСат-2» ғылыми ғарыш аппараты ұшырылды. «КриоСат-2» ғылыми серігі жаһандық жылынудың полярлық мұздықтарға әсерін бақылауға арналған.

2010 жылы Астананың Тәуелсіздік сарайында жетекші қазастандық басылымдардың бас редакторларының әлемнің әйгілі сәулетшілерімен кездесу өтті.

2011 жылы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау салтанаты өтті. Онда Елбасы Қазақстан халқына ант беріп, оған ҚР Президентінің куәлігі табысталды.  

2011 жылы Алматыда ел тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Әлемдік қауымдастық таныған Қазақстан» фотокөрмесінің таныстырылымы өтті.

2011 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Siemens AG ҚР темір жол электрлендіру саласындағы жобаларды іске асыратын бірлескен кәсіпорын құрды.

2011 жылы Байқоңыр қаласында «Инфракос-Экос» еншілес мемлекеттік кәсіпорынның химиялық-экологиялық зертханасы таныстырылды.

2014 жылы Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаменті Дүниежүзілік Сауда Ұйымының (ДСҰ) талаптары мен стандарттарының қатарына кіретін электрондық кедендік мағлұмдау ілкі жобасын енгізуге кірісті. Бизнеске қатысты қолданылатын электрондық мағлұмдау сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен кедендік органдардың арасында электрондық ақпарат алмасу арқылы кедендік тазарту уақытын қысқартуға септігін тигізеді.

2014 жылы Баку қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан Қарулы күштерінің Бас штаб бастықтары комитетінің отырысы өтті.

2014 жылы ШҚО-ның Зырян және Аягөз қалалары аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды. Аталған Жарлыққа Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

2015 жылы Петропавлда гуманитарлық-техникалық колледжде мұражай ашылды. Онда Қазақ хандығы кезеңіндегі халықтың өмірі туралы материалдар жинақталған.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мәскеу ақша сарайының күміс маркаларындағы Мекке» атты көрме өтті. Қасиетті Меккеге арналған 999 сынамалы күмістен эксклюзивті технологиямен жасалған 40 маркадан тұратын топтама шығарылған.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына қарасты заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша консультативтік кеңес құрылды.

2016 жылы  кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың «Мәңгілік аспан астында» фильмі «Білім әлемі» (The World of Knowledge) Х ғылыми-көпшілік және ағартушылық фильмдер кинофестивалінің «Үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды. Сценарийдің негізі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы алынған. Фильм Қазақ хандығының құрылуына арналған. Әрқайсысы 26 минутқа созылған 10 бөлімнен тұрады.

2017 жылы Халықаралық Түріксой академиясының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Ыстанбұлда «Түркі әлеміне қызмет еткені үшін» халықаралық сыйлығымен марапатталды.

2017 жылы қазақстандық дзюдошылар Отгонцэцэк Галбадрах (48 келі) пен Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) Анталияда өткен халықаралық  Grand Prix турнирінде екі алтын медальға қол жеткізді. Жарысқа 34 мемлекеттен 252 спортшы қатысқан болатын.

1766 жылы АҚШ-та өрт сөндірушілердің сатысы алғаш рет патенттелді. Алғашқы сатының биіктігі 10 метр болды.  

2010 жылы Қырғызстан президенті Құрманбек Бақиев биліктен кетті. Елдегі кикілжің кезінде 70-тен астам адам қаза тапты.

2013 жылы британдық саясаткер, мемлекет қайраткері Маргарет Тэтчер өмірден өтті. 1979 мен 1990 жылдар аралығында Ұлыбританияның Премьер-Министрі қызметінде болды.  1992 жылдан бастап, баронесса атанған.

ЕСІМДЕР

119 жыл бұрын (1899-1977) биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ГАЛУЗО Илларион Григорьевич дүниеге келді. Ленинград мал дәрігерлік институтын, КСРО Ғылым академиясы Зоология институтының аспирантурасын бітірген. 1933-1946 жылдары - КСРО Ғылым академиясы Тәжік базасының аға ғылыми қызметкері, Қазақ филиалының зертхана меңгерушісі, филиал төрағасының орынбасары. 1946-1951 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының академик хатшысы. 1946-1977 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Зоология институтының директоры, зертхана меңгерушісі болған. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен, Е.Павловский атындағы алтын медальмен марапатталған.

113 жыл бұрын (1905-1986) актер, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хасен БАЙЫРМАНОВ  дүниеге келді. Павлодар облысы, Ақсу ауданында туған. Мәскеудегі Орталық өнер техникумын бітірген. 1930 жылы Қазақ драма театрына қабылданып, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» Жапалдың, Ж.Шаниннің «Шахтасы» мен «Торсықбайындағы» жалшының рөлдерін ойнап, актерлік өнерге бейімділік танытады. 1934 жылы ашылған Семей театрында өмірінің соңына дейін еңбек етті. Мұнда ол М.Әуезовтің пьесалары бойынша қойылған қойылымдардың бәріне қатысып, Жантық, Қараменде би, Төлеген, Қоңқай, Қарабай және тағы басқа рөлдерде ойнаған. Халық әндерін орындауда өз ерекшелігімен танылды. Иса Байзақовтың «Желдірмесін» өзгеше айтатын әншілердің бірі болған. 82 жыл бұрын (1934) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының актрисасы ЛИМ Роза Владимировна, дүниеге келді.

79 жыл бұрын (1939-2006) жазушы, тарих ғылымының кандидаты ТОЛМАЧЕВ Геннадий Иванович дүниеге келді. Алматы қаласында туған.  Қазақ мемлекеттік университетін, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. «Казахстанская правда» газетінің тішісі, «Комсомольская правда» газетінің Қазақстандағы  тілшісі қызметтерін атқарған. 1975-1999 жылдары - «Огни Алатау», «Народная Конгресс Казахстана» газеттерінің, «Простор» журналының бас редакторы болған. Қаламгердің бірнеше кітабы жарық көрген. Көркем аударма саласында О.Әубәкіровтің «Сиқыршы» сықақ әңгімелер кітабын орыс тіліне тәржімалаған. «Халықтар достығы» орденімен, медальдармен марапатталған.  

78 жыл бұрын (1940) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Раушанбек Боранбайұлы ӘБСАТТАРОВ дүниеге келді.  Ол философ-ғалым, философия ғылыми докторы (1990), профессор (1991). Киев мемлекеттік университетінің философия факультетін бітірген (1967). Еңбек жолын Қармақшы ауданының Ленин атындағы кеңшарында (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) бастаған. 1959 - 62 жылы әскер қатарында қызмет етті. 1971-1988 жылы ҚазМУ-де (ҚазҰУ) философия-экономика факультетінде аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 1988 - 90 жылы партия жұмысында болды. 1991 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының саяси әлеуметтану және философия кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының кеңесшісі, 1997 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) саясаттану кафедрасының меңгерушісі. 2000 - 02 жылы осы университеттің тарих факультетінің деканы қызметін қоса атқарды. Ғылыми жұмысының бағыттары: ұлтаралық қатынас мәдениеті, этносаяси қауымдастық, ұлттық және жалпықазақстандық сана-сезім, келісім, ұлттық қарама-қайшылықтар мен оларды шешу жолдары, адам қызметінің әмбебаптануы, ықпалдасу үрдістері, халықтардың ойлау стилінің бірлігі мен айырмашылықтары, т.б. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2006). Сегіз тілде 30 монография, кітап, оқу құралы, кітапшалар және 500-ге жуық ғылыми мақала жазған.

60 жыл бұрын (1958) экономика ғылымының докторы, ҚР Қаржы министрлігі Қаржы академиясының президенті; Еуразиялық экономикалық одақтың желілік қаржы институтының басшысы КОРЖОВА Наталья Артемовна дүниеге келді. Алматы облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. 1979-1996 жылдары - Қазақ КСР, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің экономисі, аға экономисі, бөлім бастығы - басқарма бастығының орынбасары, бастығы, департамент бастығы. 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау бірінші вице-министрі, вице-министрі. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болған. ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы (2008-2017).

Аталған қызметінде 2017 жылдың сəуірінен бастап.

«Құрмет» (2001), «Парасат» (2009), 3-дəрежелі «Барыс» ордендерімен (2016); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламенті 10 жыл» (2006), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2008) мерейтойлық медальдарымен; «Қаржы қызметінің үздігі» (2011) төсбелгісімен марапатталған.

58 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары  Марат Мұханбетқазұлы ТӘЖИН  дүниеге келді.

Ақтөбеде туған. 1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді. Философия ғылымдарының кандидаты (1985). Әлеуметтік ғылымдар докторы (1990). Профессор (1993). ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (1995). Ресей әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (1997). ҚР саяси ғылымдар академиясының академигі және президенті (1997). 1981-1983 жылдары - ҚазКСР ҒА өндірістік күштерді зерттеу жөніндегі Кеңесінің инженер-экономисі. 1983-1987 жылдары - Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты, оқытушысы. 1987-1988 жылдары Ұлыбританиядағы Лондон университетінде тағылымдамадан өтті. 1991-1992 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазМУ жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру институтының кафедрасына жетекшілік жасады. 1992 жылдан - Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі. 1995-1999 жылдары - Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының жетекшісі. 1999-2001 жылдары - Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2000 жылы Жемқорлықпен күрес жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. 2002 жылы - Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары. 2006-2007 жылдары - Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. 2009-2013 жылдары - Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2013-2014 жж Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. 2014 жылғы ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

Әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор.  «Құрмет» (2002), І дәрежелі «Барыс» (2007), ІІ дәрежелі «Барыс» (2016) ордендерімен және алты медальмен марапатталған.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері.

Төтенше және өкілетті елші дәрежесіне ие.

МЫСЫРӘЛІМОВА Айна Ермекқызы 52 жыл бұрын (1966) Ақмола облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары МЫСЫРӘЛІМОВА Айна Ермекқызы дүниеге келді.

Екi жоғары бiлiмi бар,Қарағанды мемлекеттiк университетiн орыс тiлi мен әдебиет пәнiнiң оқытушысы бойынша, Ш.Уәлиханов атыңдағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн әлеуметтану бакалавры бойынша бiтiрдi.

Еңбек жолын 1983 жылы бастаған.

1994 жылдың қаңтарынан бастап 2005 жылдың қаңтарына дейiн жергiлiктi атқарушы органдарда әртүрлi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызмет лауазымдарында жұмыс iстедi.

2005 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылдың сәуiрiне дейiн Ақмола облысы iшкi саясат департаментi директоры орынбасарының қызметiн атқарды. 2011 жылдың қараша айынан бастап Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары болып iстедi. 2013 жылдың наурызынан бастап 2015 жылдың қыркүйегiне дейiн - Аршалы ауданы әкiмiнiң орынбасары. 2015 жылғы қыркүйектен бастап - Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi.

2015 жылғы қарашадан 2017 жылғы маусымға дейін бастап облыстық iшкi саясат басқармасы басшысының лауазымын атқарды.

2017 жылғы маусымнан қазіргі қызметінде.

НҰРЖАНОВ Нұрлан Амангелдіұлы 43 жыл бұрын (1975) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі НҰРЖАНОВ Нұрлан Амангелдіұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында туған. Үйленген, екі баласы бар.  

2000 жылы  Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.  

1992 жылғы қараша - 1993жылғы мамыр аралығында -  «Шымкентмелиорация»23-ЖМК қызметкері.

1997 жылғы ақпан - 1998 жылғы маусым аралығында - Шымкент қаласы бойынша Қаржы бөлімінің жетекші маманы.

1998 жылғы маусым - 2004 жылғы наурыз аралығында - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржы департаментінің бас маманы, бөлім бастығы. 

2004 жылғы наурыз - 2008 жылғы қаңтар аралығында - Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласы бойынша Қаржы бөлімінің бастығы.

2008 жылғы қаңтар - 2008 жылғы шілде аралығында - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі бөлімінің бастығы. 

2008 жылғы шілде - 2009 жылғы мамыр аралығында -  Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары.  

2009 жылғы мамыр - 2013 жылғы қыркүйек аралығында -  Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары.

2013 жылғы қыркүйек - 2016 жылғы маусым аралығында - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.  

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысымен 2016 жылғы 23 маусымнан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды.

2 мерейтойлық медальмен марапатталған.

Ринат Фадеевич АСҚАРОВ 53 жыл бұрын (1965) «Мегаполис» газеті» ЖШС-ның бас директоры Ринат Фадеевич АСҚАРОВ дүниеге келді. Башқұртстанда дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған, журналист (1991). Еңбек жолы 1984 жылы Қашар тау-байыту комбинатындағы экскаватор машинисі ретінде басталды; 1989 жылдан бастап - «Качарский вестник» газетінің редакторы; 1993 жылдан бастап - Бодайбо қаласындағы «Лена» алтын іздеушілер артелінде экскаватор машинисі; 1994 жылдан бастап - «Ленинский шахтер» аудандық газетінің тілшісі (Бодайбо қаласы), 1995 жылдан бастап - «Соколов-Сарыбай тау-байыту өндірістік бірлестігі» баспасөз орталығының қызметкері (Рудный қаласы), 1996 жылдан бастап - ССТБӨБ баспасөз орталығының бастығы (Рудный қаласы), 1998 жылдан бастап - Еуразиялық банкі кәсіпорындар тобының жұртшылықпен байланыс орталығының жетекшісі (Алматы қаласы), 2001 жылдан бастап - Access Industries, Inc. Компаниясының қазақстанда жұртшылықпен байланыс орталығының жетекшісі (Алматы қаласы). Қазіргі қызметте - 2005 жылдан бері.

44 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитеттің вице-президенті Бақыт Ахметқызы СЫЗДЫҚОВА дүниеге келді. Астана қаласында туған. С. Сейфуллин атындағы Ақмола педагогикалық университетін бітірген (1996), орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің профессоры (Семей қаласы, 2009 жылдан). «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан). 1996 жылдан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жастар мәселесі комитетінің төрайымы, педагогика пәнінің оқытушысы. 1998-2001 жылдары - «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қозғалысы кеңесінің төрағасы (Алматы қаласы). 1998-2003 жылдары - Жастар парламенті, астаналық КВН лигасы, Еуразиялық эксперименталдық институттың, «Бірлік» жастар қозғалысының, астаналық жастар ұйымдары ассоциациясының, Астана, ҚР КВН құрама командасының, КВН республикалық лигасының, Қазақстан скауттар қозғалысы ұйымы филиалын ұйымдастырушылардың бірі, Астана қаласы жастар сайлауалды штабының және ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә. Назарбаевты қолдау бойынша «Біз кімді таңдайтынымызды білеміз!» астаналық акциясының жетекшісі.

1999-2006 жылдары - Астана қаласы әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы. 2001-2006 жылдары - «Ақбота» балалар қоғамдық қорының атқарушы директоры (Астана қаласы). 2002-2006 жылдары - ҚГ балалар қоры кеңесінің атқарушы хатшысы. 2007 жылдан ҚР БГМ Балаларды қорғау комитетінің төрағасы. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. Астана қалалық мәслихатының депутаты (1999-2007). 2013 жылдың мамыр айынан қазіргі қызметінде. «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2006 жылдан), «Жастар мәжілісі» АҚ төрағасы (2007 жылдан); Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі (2000-2007); «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ШК Орталық кеңесінің мүшесі (2008 жылдан); ҚР Президенті жанындағы жастар мәселесі жөніндегі кеңестің мүшесі (2008 жылдан) «Студент көктемі - 1992» 1-ші республикалық фестивалінің, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), Ы. Алтынсарин атындағы (2007), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «Қазақстан Республикасында балалардың жағдайын жақсартуға және олардың құқығын қорғауға қосқан ерекше үлесі үшін» (200Н) естелік белгісімен марапатталған.

43 жыл бұрын (1975) ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Асхат Әділханұлы РАХЫМБАЕВ дүниеге келді.

Курятов Владимир Геннадьевич 42 жыл бұрын (1976) «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары КУРЯТОВ Владимир Геннадьевич дүниеге келді.

38 жыл бұрын (1980) ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Рашидұлы ТӨЛЕУТАЙ дүниеге келді.

36 жыл бұрын (1982) Бокстан WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық танымал боксшы ГеннадийГОЛОВКИН дүниеге келді.

Спортшы Қарағандыда туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003). 2003 жылдан бері - «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы - спортсмен. Universum Box Promotion мүшесі (Неміс кәсіби клубы, 2006). ҚР біріншілігінің жеңімпазы (2000-2002); ҚР I спартакиадасының чемпионы; жастар арасындағы әлем чемпионы (2000); Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002); әлем чемпионы (2003); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 75 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы (Бангкок, Тайланд, 2003); Олимпиада ойындарының 75 кг дейінгі салмақтағы күміс жүлдегері (Афина, Грекия, 2004); «А» класы турнирлерінің көп мәрте жеңімпазы. Кәсіби бокста WBOнұсқасы бойынша «Интерконтиненталь» чемпиондық титулының иегері (2010). Геннадий Головкин - орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC версиясы бойынша әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 32 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен (29-ын нокаутпен жеңді).  ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған.

80 жыл бұрын (1938) Гана дипломаты, БҰҰ-ның 1997-2006 жылдардағы 7-ші Бас хатшысы, Нобель сыйлығының лауреаты Кофи АННАН дүниеге келді.

 

Соңғы жаңалықтар