2018 жылдың маусымында елордада 25-ші Бүкіләлемдік тау-кен конгресі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 19-22 маусымында елордада 25-ші Бүкіләлемдік тау-кен конгресі өтеді. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан VIII Халықаралық тау-кен металлургия конгресі барысында ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылы Астана қаласында өтетін 25-ші Бүкіләлемдік тау-кен конгресіне дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. 2013 жылы еліміз 25-ші Бүкіләлемдік тау-кен конгресін өткізу құқығын жеңіп алған болатын және 2016 жылы Бразилияда өткен 24-ші Бүкіләлемдік тау-кен конгресі барысында май шамы түріндегі символдық эстафетаны қабылдады» - деді бірінші вице-министр.

Оның атап өтуінше, Бүкіләлемдік тау-кен конгресі бұл тау-кен металлургия саласының ауқымды шарасы. Ол 2-3 жылда бір рет өткізіліп тұрады. Оны әлемдік металлургиялық өнеркәсіп үшін өзіндік олимпиадасы десек те болады.

«25-ші Бүкіләлемдік тау-кен конгресі Астанада 2018 жылдың 19-22 маусым аралығында ЭКСПО-2017 павильондары аумағында өтеді деп күтілуде. 2018 жылы Бүкіләлемдік тау-кен конгресін өткізу әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің әлеуетін паш етуге және тау-кен металлургия кешеніне инвестицияның құйылуына тамаша мүмкіндік береді», - деді Айдарбеков.

Соңғы жаңалықтар