2018 жылдың ең қауіпсіз көліктері қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Insurance Institute for Highway Safety 2018 жылдың ең қауіпсіз көліктер моделін анықтады. Бұл туралы ұйымның сайты хабарлайды. 

Insurance Institute for Highway Safety ұйымы жасаған рейтингке сүйенсек,  2018 жылдағы ең қауіпсіз көліктер моделі ретінде BMW 5-Series, Genesis G80, Toyota Camry автомобильдері таңдалып алынған.

Жолаушылар мен балаларды сенімді қорғай алатын ең қауіпсіз көлік ретінде «алтынды» BMW алса, мықты шанақ және бетпе-бет соғылу қаупін ескерту жүйесімен қамтамасыз етілген үздік машина ретінде «күміс» Genesis G80 көлігіне бұйырды. Ал Toyota Safety Sense қауіпсіздік жүйесі үшін Toyota Camry «қолаға» қол жеткізді.

Сарапшылар аталмыш рейтингті жасаған кезде краш-тест нәтижелеріне сүйенген.

Сонымен бірге, үздік ондыққа  E-класты Mercedes-Benz GLC және  Mercedes-Benz, Subaru Impreza, Subaru Outback, KIA Soul, KIA Cerato, Hyundai Santa Fe Sport көліктері кірді

Соңғы жаңалықтар