2018 жылдан бастап жедел жәрдем көлігінің түсі өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдан бастап еліміздегі барлық жедел жәрдем көліктері ақшыл күлгін түстен сары түске боялады, деп хабарлайды Elorda Aqparat . 

Сондай-ақ, көліктер жарық түсіретін элементтермен ерекшеленетін болады.

Бұл қадам халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жасалды. Дамыған мемлекеттердегі шұғыл қызмет көлігін қанық түстерге, оның ішінде лимон түсіне бояу жиі кездеседі.

Сараптамаға сәйкес, қанық түске боялған жедел жәрдем көлігі басқа көліктерге қарағанда бірден көзге түседі. Бұл дәрігерлердің жедел әрі қауіпсіз қызмет көрсетуіне көмектеседі деп сенеді министрліктегілер. Медициналық қызметті жақсарту мен оның әлеуетін арттыру тек санитарлық автокөліктің жаңа дизайнымен шектелмейді. Министрлік медициналық қызметкерлерді заманға сай жабдықтармен және жаңа формамен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, нормативтік-құқықтық базаны реттеп, дәрігерлер мен жүргізушілерді оқытудың жаңа жүйесін енгізу арқылы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруды көздейді.

«Бүгін Қазақстан медицинасындағы тарихи күн деуге болады. Осы жобаның жүзеге асырылуын біз көп күттік. Халықтың басым көпшілігі көліктерді басқа түске бояу бекер шығын деп ойлауы мүмкін. Алайда мұны істеуіміздің бірқатар себептері бар. Қазақстанда, оның ішінде Астанада көлік ағынында ақ түсті көліктерді жиі байқаймыз. Ендігәрі сары түспен ерекшеленген машинаны жедел жәрдем екендігін аңғару күндізгі уақытта да, түнгі уақытта да қиынға соқпайтын болады. Министрлік Солтүстік Америка мен Еуропа елдерінің тәжірибесін зерттей келе, Қазақстанға өзіндік дизайнды ойлап тапты, - дейді Жедел жәрдем қызметін модернизациялау комиссиясының төрағасы Кэвин Фрик.

Айта кетейік, жаңа жылдан бастап бүкіл республика бойынша 1894 жедел жәрдем көлігі сары түске боялады.

Соңғы жаңалықтар