Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -30 °С
Алматы: -12 °С
USD 324.27 EUR 398.27
RUB 5.73 CNY 50.68
Жаңалықтар

2017 жылы жәрдемақыларға 255,9 млрд теңге бағытталды

2018 жылғы 13 қаңтар 05:38 537
Поделиться:
2017 жылы жәрдемақыларға 255,9 млрд теңге бағытталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеміне 255,9 млрд. теңге бағытталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда арнайы жәрдемақылардың мөлшері артты

2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемі орташа есеппен 33 087 теңге, асыраушысынан айрылғандар үшін - 12 719 теңге, және жасына қатысты - 12 719 теңге болды.

2018 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 16%-ға артты.

Осылайша, жалпы ауруға шалдыққан бірінші топтағы мүгедек - 54 306 теңге, екінші топтағы мүгедек  - 43 275 теңге, ал үшінші топтағы мүгедек - 29 416 теңге мөлшерінде жәрдемақы алады.

Аталған санаттағы адамдарды әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен көзделген қаражаттың жалпы көлемі биыл 326,8 млрд теңгені құрайтын болады.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат