2017 жылы Петропавл қаласына 683 миллион теңгеге ауызсу тарту жұмыстары басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2017 жылы 683 миллион теңгеге Петропавл қаласында ауызсу тарту бойынша 6 жобаны жүзеге асыру басталады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Ерік Сұлтанов халық алдында есеп беру жиынында мәлім етті.

2016 жылдың қорытындысы бойынша «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде екі елдімекенде сумен жабдықтау жақсарды, 2 ауылға ауызсу берілді. Ауылдардың орталықтандырылған суға қолжетімділігі 56 пайызға дейін өсті. 2015 жылдың соңында 55,8 пайыз болған.

«Бұл жобаны жүзеге асыру қолданыстағы тозығы жеткен сумен жабдықтау желілерін 2020 жылға дейін 72 пайыздан 60 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2017 жылы 683 миллион теңгеге Петропавл қаласында су тарту бойынша 6 жобаны жүзеге асыру басталады», - деді облыс басшысы.

Сонымен қатар облыста жылу құбырларын жаңарту бойынша жұмыстар жалғаса бермек.

«2015 жылы жаңарту барысында жылу-электр орталығында құны 5,6 миллиард теңгенің №1 трубоагрегаты іске қосылды. Аталмыш турбина электр қуатын 63 МВт-ға (479 МВт-ға дейін) арттырды. Өткен жылы құны тиісінше 3,4 және 6,6 миллиард теңге болатын №12 жылыту қазандығы агрегаты және №5 турбиналық агрегатын іске қосу белгіленген қуаттылықты 479-дан 541 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Жылу желілерін жаңарту жобаларын одан әрі жүзеге асыру 2020 жылы құбырлардың тозуын 62 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Е. Сұлтанов. 

Соңғы жаңалықтар