2017 жылы Құрық порты арқылы Бакуге жөнелтілетін жүк көлемі 45,1 % көбейді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Баку-Құрық-Баку бағыты бойынша паромдық жүктерді өткізу көлемі артып, 21 мың 62 теміржол вагондарын құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі «Баку халықаралық теңіз сауда порты» ЖАҚ-на сілтеме жасап.

Баку порты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылы айтарлықтай өсім теміржол вагондары тасымалында, дөңгелекті техника мен үлкен жүк техникалық құралдарында байқалған.

«Осылайша, Бакудің Гарадаг ауданының Алят кентінде орналасқан Баку портының паромдық терминалында жүк өткізу көлемі 26,4 процентті құрап, 46 679 дананы құрады. Жалпы көлемнен 6 мың 124 вагон (13,1%) Баку-Ақтау-Баку бағыты бойынша және 21 мың 62 вагон (45,1%) Баку-Құрық-Баку бағыты бойынша (Құрық порты 2017 жылдың наурызында ашылды) жөнелтілген»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Түркменстан мен Қазақстанға жолаушылар тасымалы 41,4% артып, 33 129 адамды құраған.

«Баку портының қызметтерін пайдаланған көлік құралдарының саны өткен жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,4% жетіп, 28 мың 584 дананы құрады. Осы ауқымнан 9 716 немесе көлік құралдарының 34% Баку-Ақтау-Баку бағытымен және 28 данасы (0,1%), Баку-Құрық-Баку бағытымен жөнелтілген»,-деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар