2017 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 25 процентке өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығындағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы қаржылай баламасының көлемі 77 646,8 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Статистика мәліметтеріне қарағанда, бұл көрсеткіш 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 25 процентке көп.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында көлем 48 342,1 долларды құрап (31,6 процентке ұлғайған), импорт 29 304,7 млн долларға жетті (+15,5 процент).

Соңғы жаңалықтар