Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -23 °С
Алматы: -8 °С
USD 324.27 EUR 398.27
RUB 5.73 CNY 50.68
Жаңалықтар

2017 жылы Қазақстанда инфляция 7,1 пайызды құрады

2018 жылғы 3 қаңтар 10:48 935
Поделиться:
2017 жылы Қазақстанда инфляция 7,1 пайызды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстанда инфляция 7,1 пайызды құрады. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, өткен жыл үшін баға азық-түлік тауарларына 6,5, азық-түлік емес тауарларына - 8,9, ақылы қызметтерге - 5,9 пайызға өсті. Ағымдағы жылдың басынан (2017 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 28,7, тәтті бұрышқа - 28,6, басты пиязға - 28,2, сәбізге - 19,3, сиыр етіне - 15,3, қой етіне - 14,1, консервіленген сүтке - 11,6, сары майға - 11,3, кондитерлік өнімдерге - 10,7, мәйекті ірімшікке - 10,3, жылқы етіне - 9,8, жаңа ауланған балыққа - 9,4 пайызға белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына 28, сарымсаққа - 25,6, қантқа - 19,5, қызанаққа, жұмыртқаға - 16, қиярға - 12,5, күнбағыс майына - 9,9, қырыққабатқа - 5,2 пайызға тіркелді.

Баға өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 10, автомобильдерге - 9,2, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 8,9, кітаптарға, киім және аяқ киімге - 8, тоқыма бұйымдарына - 7, фармацевтикалық өнімдерге - 6,6, газеттер мен журналдарға - 6,5, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 6,3, жеке қолданатын тауарларға - 6,2, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 5,8, тұрмыстық аспаптарға - 5,5 пайызды құрады. Дизель отыны 31,8, бензин - 17,6, тас көмір - 17,4, баллондағы сұйытылған газ - 8,6 пайызға қымбаттады.

Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 7,9, құқықтық - 7, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 6,9, көлiк құралдарын сақтандыру - 6,8, қонақ үйлер - 6, қоғамдық тамақтандыру - 5,8 пайызға өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 9,6, қалааралық - 7,1, жолаушылардың әуе көлігімен - 4,6, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен - 0,2 пайызға артты.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 11,4, ыстық суға - 10,9, орталықтан жылытуға - 9,9, кәрізге - 9,1, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 7, суық суға - 5,1, электр энергиясына - 5 пайызға жоғарылады.

 

 


Басты сөздер: Экономика, Статистика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат