15:34, 13 Ақпан 2018 | GMT +6
2017 жылы Қазақстанда импортталатын көкөністер 22,2% арзандады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда экспортталған тауарлардың бағасы 2017 жылғы желтоқсанда 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 21,2%, импорт тауарлары 6,8% көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Есепті кезеңде экспортталған темір қорытпалары - 44,2%, мырыш - 26,5%, мыс - 21%, көмір - 16%, мұнай - 29,5%, қорғасын - 9,4% қымбаттап, марганец рудалары 19,5% арзандаған.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінен: мақта 7,5% қымбаттап, бидай - 6,7%, жүн - 6,6% арзандады.
Импортталған өнімдерден спиртті және спиртсіз ішімдіктер - 14,6%, сүт өнімдері - 11%, макарон өнімдері - 7,3%, шай және құс еті - 4,7%, дәрілік құралдар - 3,5% қымбаттап, көкөніс - 22,2%, жеміс-жидек пен жаңғақтар - 2% арзандады.
Қағаз бағасы 13,3%, текстиль өнімдері 7,6%, аяқкиім, 9% көтерілді.