2017 жылы Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 9%-ға артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 103,139 млрд кВт/с-қа жетті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 9%-ға көп. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды. 

Есепті кезеңде 81,271 млн Гкал көлемінде жылу энергиясы өндіріліп, былтырғымен салыстырғанда өсім 4,5%-ға жетті. Ал сумен қамту бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 2,739 млрд текше метрді (-1,4%) құрады.

Соңғы жаңалықтар