2017 жылы Қазақстан 72,9 млн тонна мұнай өндірген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстандағы мұнай өндірісінің көлемі 72,932 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға көбірек, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде 13,269 млн тонна газ конденсаты (өткен жылға қарағанда өндіріс көлемі 6,5%-ға өскен), табиғи газ - 52,934 млрд куб. м (+14,1%), көмір - 111,117 млн тонна (+7,8%), темір рудасы - 39,085 млн тонна (+9,2%), мыс кені - 95,343 млн тонна (+21,5%), алтынды кен - 19,725 млн тонна (+6,1%) және хром концентратының өндірілген көлемі - 4,579 млн тоннаны (+10,4%) құрады.

Соңғы жаңалықтар