2017 жылы қанша адам жүргізуші куәлігінен айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы видеотіркеу көмегімен 1 миллионнан астам жол қозғалысы ережесінің бұзылу фактісі анықталды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша кездескен ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл сайын жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 3 миллионнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тек 2017 жылы ғана полиция қызметкерлері шамамен 2,5 млн заңбұзушылықтың жолын кесіп, 31 мың мас жүргізушіні ұстады, 154 мың жаяу жүргіншіге айып салынды. Соттар 42 мың жүргізушіні көлік басқару құқынан айырды, 3,5 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік тұтқынға алынды. Видеотіркеудің автоматты жүйесінің көмегімен жол қозғалысы ережесінің миллионнан астам рет бұзылғандығы анықталды», - деді ол.

Вице-министрдің дерегінше, соңғы онжылдықта еліміздің көлік паркі 43 пайызға артып, бүгінде 4,3 млн автомобильге жеткен. Дегенмен, соңғы 4 жылда жол-көлік апаттары мен қаза тапқандардың саны айтарлықтай төмендеп отыр.

«Қабылданған шаралардың арқасында жол-көлік оқиғалары 5 пайызға, қаза тапқандардың саны 113 пайызға және жараланғандар саны 5 пайызға азайды», - деді Е.Тұрғымбаев.

Соңғы жаңалықтар