2017 жылы халықтан қанша қару сатып алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі 2017 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында халықтың қолындағы заңсыз қару-жарақты, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясын өткізген болатын. Аталған акция нәтижесін ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Фейсбуктегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шара нәтижесінде ішкі істер органдарына 2,1 мың азамат жүгініп, олар өз еріктерімен 3 мыңға жуық атыс қаруын, 60 мыңнан астам оқ-дәрі мен 14 келі жарылғыш заттарды тапсырды. Халықтан қару-жарақтарды сатып алу шарасы 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді. Шараның тиімділігіне  соңғы 5 жылда атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қымлыстардың 55 пайызға төмендеуі дәлел бола алады», - деді Алмас Садубаев.

Сонымен қатар ол азаматтардың қару-жарақты, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еріктерімен қайтарымсыз негізде тапсыру тәртібі Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында орналасқанын атап өткен.

Соңғы жаңалықтар