2017 жылы ЕАЭО елдерінің ІЖӨ өсімі 2%-ті құрайды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - ЕАЭО экономикалық өсу жолына түсті. Бұл жайлы Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Ашық есіктер күнінде комиссияның Интеграцияның басты бағыттары және макроэкономика жөніндегі алқасының мүшесі (министр) Татьяна Валовая мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Оның есептеулеріне қарағанда, биыл ЕАЭО елдерінің ІЖӨ өсімі 2% төңірегінде болады.

«Биыл макроэкономикалық тұрақтылық тұрғысынан қарағанда жағдай жаман емес. Ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту бойынша зерттеу әзірледік. Бұл макроэкономикалық тұрақтылық пен сауда-экономикалық байланыстардың жандануының арқасында өзара есептесулерде ұлттық валюталардың үлесі артып келе жатқанын көрсетті», - дейді Т. Валовая.

Министр 2017 жыл ЕАЭО елдері үшін экономикалық жағынан айтарлықтай ұтымды болғанын тілге тиек етті. «Қазір осы интеграциялық жобаны одан әрі тереңдетуге қажетті жағдайлар баршылық. Экономикада ұнамды перспективалар жеткілікті деуге толық негіз бар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар