2017 жылы азық-түлік өнімдеріне 23 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау мақсатында жүргізілген тексеріс нәтижесіне сай 23 миллионнан астам теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің дерегі бойынша өңірде сапасыз азық-түлік өнімдерінің саны азайған.

Мәселен, азық-түлік өнімдерінің 2015 жылы 38,4 пайызы, 2016 жылы 24,1 пайызы, 2017 жылы 17,2 пайызы техникалық регламент талаптарына сай болмай шықты.

«Сараптама қорытындысына сай 2017 жылы тексеруге алынған сынақтың 17,2 пайызы талапқа сай болмай шықты. Оның ішінде 11,8 пайызы тағамдарға, 8,7 пайызы балалар өніміне, 5,8 пайызы балалар мен жасөспірімдердің киіміне, 6 пайызы парфюм және косметикалық өнімдерге, 1 пайызы тұрмыстық химия өнімдеріне, 0,7 пайызы жағар майлар мен арнайы сұйықтықтарға, 0,2 пайызы полимер, синтетика және өзге материалдарға тиесілі. Сонымен қатар, 94,1 пайыз маркілеу, 7,7 пайызы қауіпсіздіктің микробиологиялық көрсеткіштері бойынша, 4,8 пайызы физикалық және химиялық көрсетікштеріне тиесілі болды», деп атап өтті өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы уақытқа дейін 5 тоннадан астам, оның ішінде 324 тонна тағам және 3 тоннадан астам химиялық және мұнайхимия өнімдері саудадан алынды.

«Осыған байланысты халықтың санитарлық-эпидемологиялық әл-ауқаты саласындағы ҚР заңнамасының талаптарына жол берген кәсіпкерлік субъектілеріне 162 жазбаша ескерту берілді», деп түсіндірді ведомство.

Тексеріс нәтижесіне сай 23 миллионнан астам теңгеге айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар