2017 жылы әуе компаниялары рекордтық деңгейде жолаушылар тасымалдады

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы бүкіл әлемдегі әуе компаниялары 37 миллион рейсті іске асырып, жолаушы тасымалын рекордтық деңгейге жеткізген. 

Яғни былтыр ұшақ көмегіне жүгінген жолаушылар саны 4,1 млрд-қа жетті. Бұл жайлы Халықаралық азаматтық авиациясы ұйымына сілтеме жасап БҰҰ жаңалықтар сайты хабарлайды.

Әсіресе арзан ұшақ билеттерін ұсынатын компаниялар қызметін пайдаланған жолаушылар саны күрт артқан.

Сарапшылар әуе көлігі жолаушылары санының өсімін былтыр әлем экономикасының жақсаруы және қызмет бағасының төмендеуімен байланыстырып отыр. Оның үстіне авиация жанармайының бағасы да аса қымбаттаған жоқ.

Ауе тасымалдарының ең көп бөлігі - 37% Еуропаның үлесіне тура келеді. Ал Солтүстік Америкалық компаниялар барлық халықаралық рейстердің 13%-ын іске асырған.

Соңғы жаңалықтар