2017 жылы Атырауда 2 мың жер телімі берілген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2017 жылы Атырау қаласы мен қала маңындағы селолық округтерде тұрғын үй салу үшін екі мыңға жуық жер телімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, бизнес үшін 86 учаске сауда-саттыққа шығарылып, 43 жер телімі аукционда сатылды.

Қазір облыста 1998-2004 жылдары өтініш бергендерге жер телімі бөлінуде.
Үй салуға жер учаскесі инженерлік коммуникациялар жүргізілгеннен кейін беріледі. Өткен жылы осы мақсатқа 6 млрд 987 млн теңге бөлінген.
Қала әкімі аппаратының жетекшісі Серік Нысанбаевтың айтуынша, қалалық билік жерлерді қайтаруды қолға алған.  
«Қала әкімі Серік Шапкенов осы мәселеге айрықша назар аударып отыр. Жер мақсатты пайдаланатын адамдарға ғана берілуі керек, - деді аппарат жетекшісі. - Қазір пайдаланылмаған жерлерді сот арқылы қайтаруды бастадық, жалпы ауданы 11,7 га үш жер учаскесі мемлекетке қайтарылды».

Соңғы жаңалықтар