2017 жылы Астана-Щучинск ақылы күре жолы 1,5 млрд теңге жинады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қорытындылары бойынша Астана-Щучинск ақылы автожолында 1 млрд 514 млн теңге ақша жиналған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға сілтеме жасап.

Компанияның берген мәліметіне қарағанда, 2017 жылы осы жолдан 2 757 857 автокөлік жүрген. 2016 жылмен салыстырғанда, көлік құралдарының ағыны былтыр 2,2%-ға артқан.

«Жиналған ақшаның барлығы учаскені күту және төлем қабылдау жүйесін жаңғыртуға бағытталды», - дейді ҚазАвтоЖолдағылар.

Соңғы жаңалықтар