2017 жылы әскерден қашу фактілері тіркелмеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы рұқсатсыз әскери бөлімдерді тастап кеткен жауынгерлер туралы фактілер тіркелмеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарланды.

«2017 жылғы құқықтық статистика органдарының санақ мәліметтері және олардың статистикалық салыстырмасы бойынша әскерден қашу немесе рұқсатсыз әскери бөлімдерді тастап кеткен әскери қызметшілер туралы ҚР Қорғаныс министрлігінде фактілер тіркелмеген. Көрсетілген кезеңде азаматтардың әскерге шақырудан жалтару фактілері тіркелген жоқ», - деп атап өтілген ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінде.

Бұдан бөлек, аталған ведомство жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу кезінде проблемалар жоқ екендігін хабардар етті.

Сонымен қатар министрлік  әскерге шақырылуы тиіс жастардың денсаулық жағдайына қатысты мәлімет берді.  «Республикадағы әскерге шақырылуы тиісті жастардың денсаулық жағдайы ҚР Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің қажетті санымен жасақтауға мүмкіндік береді», -делінген Қорғаныс министрлігінің ресми жауабында. 

Соңғы жаңалықтар