2017 жылы 33 мың пәтер салынады - Бишімбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылы елімізде 9 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Үстіміздегі жылы қаржыландырудың барылық көздері есебінен 830 млрд теңге сомаға шамамен 9 млн шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланып отыр.

Осының бәрі, ең алдымен «Нұрлы жол» бағдарламасының және Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы шараларының шаясында қабылданып жатқан оң әсерге байланысты. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылға қарай 4,5 млн шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделген», - деді министр.

Сонымен қатар оның айтуынша, биыл тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуға 442,5 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде  Ұлттық қордан 423,9 млрд және республикалық бюджеттен  18,6 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражаттың ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына  82,8 млрд теңге жұмсалады. Оған  2016 жылы  554,8 мың шаршы метр (9 010 пәтер), 2017 жылы  587 мың шаршы метр (9 923 пәтер) пайдалануға беріледі.  Кредиттік жалға берілетін тұрғын үй құрылысына  129,8 млрд теңге қарастырылған. Аталған қаржыға 2016 жылы  223,4 мың шаршы метр (3 111 пәтер), 2017 жылы 798,3 мың шаршы метр (12904 пәтер) іске қосылмақ. Ал коммерциялық жалға берілетін тұрғын үй құрылысы 97 млрд теңге көзделген. Бұл қаржыға 2017 жылы  498,2 мың шаршы метр (10 600 пәтер) салынады. Мұнан бөлек, инженерлік-коммуникация инфрақұрылымын тартуға 110,9 млрд теңге, Қазақстанның Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына несие беруге  22 млрд теңге бөлінеді.

«Нәтижесінде, мемлекет қаражаты есебінен 2015 жылы және 2016 жылдың өткен кезеңі ішінде 22,6 мың отбасы және жылдың соңына дейін қосымша 6,8 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. 2017 жылы  33 мың пәтер салынатын болады», - деді Қ.Бишімбаев.

Соңғы жаңалықтар