Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -17 °С
Алматы: -7 °С
USD 335.05 EUR 395.12
RUB 5.66 CNY 50.64
Жаңалықтар

2017 жылдың «Үздік футболшысы» анықталды

2017 жылғы 8 желтоқсан 01:33 1071
Поделиться:
2017 жылдың «Үздік футболшысы» анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның «Реал Мадрид» футбол клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду «Алтын доптың» бес дүркін иегері атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі eurosport.com-ға сілтеме жасап.

Марапаттау рәсімі Франция астанасы Париж қаласының әйгілі Эйфель мұнарасында салтанатты түрде өткізілді.

Талантты футболшы 2017 жылы команда сапында да, жеке көрсеткіштер бойынша да көптеген ірі жеңістерге жетті. Атап айтсақ, Португалия ұлттық құрамасының 2018 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алуына, «Реалдың» бес жылдық үзілістен соң Испания чемпионатын, УЕФА Чемпиондар лигасының бас жүлдесін тарихта алғаш рет қатарынан екі рет, жалпы 12-ші рет жеңіп алуына көмектесті. Бұдан тыс, 2017 жылы Чемпиондар лигасында ең көп гол соққан футболшы, турнир тарихында топтық кезеңнің барлық матчында гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Айта кетелік, «Алтын допты» France Football журналы жылдың үздік футболшысы деп танылған ойыншыға береді. Португалиялық форвард ерекше сыйлық иегерлерінің арасында осы кезге дейін үздік болып келген Аргентина шабуылшысы Лионель Мессимен теңесті.


Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Пікір қалдыру
Мұрағат