2016 жылы туристік бизнестен түскен табыс 40%-ға артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қазақстанның туризим саласының кірісі 40%-ға артқан, деп хабарлайды finprom.kz. 

2016 жылы турөнімдерді сатудан түскен жиынтық кірістің көлемі 39,5 миллиард теңгені құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 40%-ға көп. Сондай-ақ, шығын көлемі де 2 есеге өскен, алайда түскен пайданың көлемі шығыннан көп.

Айта кетейік, екі жыл бойы туристік нарық түсімі азайған еді: 2014 жылы саудадан түскен ақша 21%-ға, ал 2015 жылы 4%-ға кеміген.
Ұлттық туристік нарықтың түсімін қалпына келтіру және ұлғайту ішкі туризмге тікелей байланысты. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында шетелге демалушы қазақстандық туристер саны 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 миллионнан 9,8 миллионға дейін қысқарған еді. Сондай-ақ, бір жылдың ішінде отандық курорттардың пайдасына 441 мыңға (4,6 миллионға) артқан. Сондай-ақ, шетелдік туристер саны 79 мың адамға - барлығы 6,5 миллион адамға көбейген.

2016 жылы Қазақстан тұрғындарының ақшалай табысы 4,5%-ға артқан. Соңғы 6 жылда алғаш рет ҚР тұрғындарының жалақысы мен табысы төмендегені байқалған.

Авиабилеттер, қонақүйде тұру, туристік пакеттер мен басқа елдерге бару визасының құны бірден артқан - сондықтан өз отанымызда демалу арзанға түсті.

Соңғы жаңалықтар