2016 жылы Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер екі есеге өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2016 жылы электронды сауда қарқыны екі есеге өсті, деп хабарлайды ranking.kz.

2016 жылы ғаламтордағы тауарлар мен қызмет көрсетулер электронды сауда арқылы іске асырылды. Барлығы 33 миллион транзакция жүргізіліп, бұл - 2015 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайған.

2016 жылы интернет-ресурстар арқылы жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемі 307 миллиард теңгені құраған немесе алдыңғы жылмен салыстырған 3,4 есе көп.

Қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемі бір жылдың ішінде 11%-дан 23%-ға дейін көтерілді.

Ай сайынғы орташа көрсеткіш бойынша 2016 жылдың қаңтар-қараша аралығында интернет-ресурстар арқылы жасалынған төлемдер көлемі 9,9%-ы құраса, желтоқсан айында 42,5%-ға жеткен.

2016 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдер сомасы 1,32 триллион теңгені құрады. Бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш 59%-ы құраған, 2015 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға жеткен.

2016 жылғы қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 105 миллионға жеткен  немесе 44%-ға өскен.

Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 2016 жылы 20,3%-ға өсіп, 8 триллион теңгені құрап, оның ішінде интернет-төлемдер үлесі 4,0%-ға дейін жеткен.

2015 жылы бөлшек сауда көлемі 6 триллион теңгеге бағаланды. Бөлшек саудадағы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 1,4%-ды құраған. 

Соңғы жаңалықтар