Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 325.58
EUR 381.51
RUB 5.49
CNY 48.32

2016 жылы Қазақстанда 16 млн 602 мың тонна мұнай өндірілді

2016 жылы Қазақстанда 16 млн 602 мың тонна мұнай өндірілді
2017 жылғы 22 сәуір 05:30 927

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2016 жылы қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында 16 млн 602 мың тонна мұнай өндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«2016 жылы мұнай өндіру көлемі 16 млн 602 мың тоннаны құрады. «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-ның Қазақстанның мұнай өнімдерінің бөлшек нарығындағы үлесі 2017 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша 16 процентті құрады. «Қазмұнайгаз» АҚ мұнай мен мұнай өнімдері саласы бойынша ұлтық оператор ретінде әлеуметтік маңызы зор мұнай өнімдерінің тиелімін ҚР Энергетика министрлігінің графигі бойынша, төмендетілген бағамен жүзеге асыруда. Жыл сайын егін егу және астық жинау науқаны барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арзандатылған отынды жеткізуді жүзеге асырады, ал жылыту маусымы басталғанда ҚР әлеуметтік-өндіріс нысандары мен мекемелеріне мазут жеткізеді. 2016 жылы тасымал көлемі 284 мың мұнай өнімдерін құрады»,-деп хабарлады «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ.

 

 

Басты сөздер: Энергетика, Мұнай-газ,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер