2016 жылы Қазақстанда 16,6 млн тонна мұнай өндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қазақстандық мұнай өндіру зауыттарында 16 млн 602 мың тонна мұнай өндірілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстанның мұнай өнімі бөлшек нарығындағы «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ компанияларының үлесі 2017 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша, 16%-ды құрайды», - деп хабарлады «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі.

Қазмұнайгаз мұнай және мұнай өнімдері саласындағы ұлттық оператор болып саналатындықтан, ҚР Энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес, әлеуметтік маңызды мұнай өнімдерін төмендетілген бағамен тиеп жөнелтумен айналысады.

Жыл сайын егін салу және егін жинау кезеңінде ауыл шаруашылық өндірушілерге арзандатылған дизельдік отынды жеткізсе,  жылыту маусымында ҚР-ның әлеуметтік-өндірістік нысандары мен мекемелерін жылытуға қажетті мазут береді.

2016 жылы жеткізілім көлемі 284 мың тоннаға жетті.  

Соңғы жаңалықтар