2012 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының қорытындылары бойынша Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ 15 грантқа ие болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының қорытындылары бойынша Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 15 қызметкері грант иегерлері атанды, деп хабарлайды ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

«2012 жылдың қорытындылары бойынша «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағы байқауының нәтижелері шығарылды. Бұл байқаудың танымалдығы жыл сайын өсіп келеді. Өткен жылы ғана байқауға 84 ЖОО-ның үміткері, ағымдағы жылы 97 ЖОО-ның 500-ден астам қызметкер қатысты», - деп атап өтілді хабарламада.

Байқау комиссиясы 57 ЖОО-ның атынан шығып отырған 200 жеңімпазды іріктеді. ҚарМУ-нің ақпаратынша, олардың ішінде 51 пайызы - ғылым докторлары, 76 пайызы - профессорлар. 40 пайыздан астамы техникалық, физика-математика, биология, медицина, химия ғылым салаларында жұмыс істейді, 15 пайыздан астамы педагогикалық салада.

Гранттардың арқасында ЖОО оқытушылары әлемнің жетекші елдерінде өткен беделді конференцияларға қатыса алды. «Бұдан басқа, грант иегерлері өз зерттеулерінің қорытындыларын шетелдік жоғары рейтингілік журналдарда жариялады, Америка мен Еуропаның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында машықтанды, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды PhD магистратурасы мен докторантурасы арқылы бірлесіп даярлау туралы келісімдер жасады», - деп қосып өтті Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар