2010 жылғы құрбандар туралы Атамбаевтың сөзіне Қырғызстан президентінің аппараты түсінік берді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкекте Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Айымдос Бозжігітов Қырғызстан Республикасы президенті аппарат басшысының сыртқы саяси мәселелерге жауапты бірінші орынбасары Сапар Исаковпен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қырғызстандағы тілшісі.

Кездесу барысында Қырғызстан президенті аппаратының өкілі Қырғызстан мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевтың «Евроньюс» телеарнасына берген сұхбаты барысында орын алған жағдайға байланысты қынжылатынын білдірді.

«Қырғызстан Президенті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты шын жүрегімен құрметтейді. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық және көршілік қарым-қатынас бұрынғыша жоғары деңгейде қалатынын растау мақсатында Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевқа ҚР СІМ басшысымен серіктестікті ары қарай дамыту мәселелерін жеке талқылау тапсырылады», - деп сендірді С.Исаков.

Соңғы жаңалықтар