200 тасбақаны Қазақстаннан Ресейге жеткізбек болғандар ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 200 тасбақаны Қазақстаннан Ресейдің Оренбург қаласына жеткізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды 56orb.ru.

Ресей ауыл шаруашылығы бақылау басқармасының мамандары Ресейдің Оренбург облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметкерлерімен бірге «Сагарчин» өткізу бекетінде тексеру жүргізіп жатқан.

Осы уақытта олардың назарына жүздеген тасбақалар салынған көлік ілігеді. Тексеру барысында тасбақалардың тиісті құжаттары жоқ екендігі анықталды. Осылайша, тасбақаларды тасымалдаушылар ветеринариялық заңнамаларды бұзған болып шықты.

Жүргізуші өзінің «тауарымен» бірге үйіне қайтарылды. Ал тасбақалардың иесі әкімшілік жауапқа тартылады.

Соңғы жаңалықтар