Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -12 °С
Алматы: -1 °С
USD 319.65 EUR 393.33
RUB 5.67 CNY 50.47
Жаңалықтар

200-ге жуық қостанайлық жас «Рухани жаңғыру» логотипін бейнеледі

2017 жылғы 17 қыркүйек 04:21 889
Бөлісіңіз:
200-ге жуық қостанайлық жас «Рухани жаңғыру» логотипін бейнеледі

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті алаңына өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждерінен 200-ге жуық студент жиылды. Оларға Жастар ресурсы орталығының еріктілері де қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қатысушылар би билеу барысында сапқа тізіліп, «Рухани жаңғыру» логотипін бейнеледі. Жастар ресурсы орталығының жетекшісі Айгүл Абдуллинаның айтуынша, Қостанай жастары бұл флешмоб арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдайтынын жеткізгісі келді.

«Осындай шаралар жастарды біріктіре түседі және бойларына патриоттық сезім ұялатады. Біз бес түсті жейде киген жастардың би қимылдары арқылы  «Рухани жаңғыру» логотипін бейнелеп, одан соң «Қостанай» жазуын көрсеттік», - деді орталық жетекшісі.

Флешмоб квадрокоптердің көмегімен биіктіктен түсірілді.


Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат