Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 310.70
EUR 348.20
RUB 5.49
CNY 45.10

20 жыл бойы бие сауып, қазақтың салт-дәстүрін сақтап келеміз - Омбы тұрғыны Зәуреш Асанова

20 жыл бойы бие сауып, қазақтың салт-дәстүрін сақтап келеміз - Омбы тұрғыны Зәуреш Асанова
2017 жылғы 20 мамыр 09:24 321

АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбы қаласы әкімшілігінің қолдауымен жыл сайын омбылық қазақтар Достық қаласы мерекесі аясында бие байлап, тегін ұлттық тағамдар таратады.

 Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы президентінің көмекшісі Зәуреш Асанованың айтуынша, бүгінгі таңда Омбы облысында 100 мыңнан астам қазақ тұрады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңірлік қазақ ұлттық мәдени автономиясында сегіз қоғамдық қазақ бірлестігі бар.

«Қымызмұрындық мерекесіне биыл осымен үшінші жыл қатысып отырмыз. Өзімізбен бірге қымыз ала келдік. Біз де өз жерімізде ұйымдастырылатын мерекеге орай алтыбақан құрып, киіз үй тігеміз. Балаларға ана тіліміз бен салт-дәстүрімізді үйретеміз. Ата-енем өмір бойы ұлттық салт-дәстүрді берік ұстанып келген. Келін болып түскеніме 20 жыл болса да бие саууды тоқтатқан емеспін. Тіпті, кейде литрін 600 теңгеден саудаға қоямыз», - дейді Зәуреш Асанова.

Ресейде жұмыс істей бастаған алғашқы этно-мәдени бірлестіктердің бірі Омбы облысының қазақ ұлттық-мәдени автономиясы 1999 жылы құрылған. Ұйымның жанынан «Омбы қазақтары» атты басылым шығады.  

 Еске сала кетейік, қалалық демалыс және мәдениет саябағында өтіп жатқан халықаралық  Қымызмұрындық мерекесіне Ақмола, Қарағанды, Алматы өңірлері мен Ресей, Қырғызстан елдерінің делегациясы қатысуда.

 

 

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер