20 шілде күні бес облыста бұршақ жаууы ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 20 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. 

Найзағай ойнап, жаңбыр мен  бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, республиканың  солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Елдің тек оңтүстік- батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік  Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік-Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының жекелеген жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артып, шаңды дауыл көтеріледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарында,  Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Соңғы жаңалықтар