20 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінің жаңбыр жауады, тұман, екпінді жел, ал оңтүстік өңірде шаңды дауыл тұрады. Республиканың кей жерлерінде найзағай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с,  тұман түсуі ықтимал.

Павлодар, Маңғыстау, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Ақмола,  Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с болады.

Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

 Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар