20 маусымда Астанада ауыз су беру уақытша тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 20 маусым күні қаладағы кейбір үйлерді ауыз судан ажырату жоспарлануда, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .

«Астана су арнасы» коммуналдық мекемесі Молдағұлова және Берел көшелеріндегі учаскелерде Д=100 мм жапқышын ауыстыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл жайында мекеменің аxуал орталығы xабарлады. 

Ауыз су сағат 10:00-18:00 аралығында: Сарыбұлақ көшесі, 15а, 19, 19/1, Берел көшесі (жеке сектор) аумақтарында өшіріледі. 

«Астана су арнасы» МКМ қала тұрғындарынан уақытша келеңсіздік үшін кешірім сұрайды.

 

Соңғы жаңалықтар