Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 310.57
EUR 348.58
RUB 5.52
CNY 45.23

20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
2017 жылғы 20 мамыр 06:50 420

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2017 жылғы 20 мамырға арналған күнтізбесін ұсынады.

20 мамыр, СЕНБІ

Куба Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1902 жылдан бастап аталып өтеді. Испан отарынан құтқарған америкалықтардың әскери үкіметі Куба жерін 10 жыл басқарып, 1902 жылы бар билікті Куба президенті Эстраде Пальмеге ұсынды. Куба - Америкадағы, Вест-Индиядағы мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығында Куба, Хувентуд және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан. Аралдардың жапы саны 1600-ге жуық. Олардың көпшілігінде адамдар қоныстанбаған. Астанасы - Гавана қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - Куба песосы. 1976 жылғы қабылданған Конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Осы екі Кеңестің төрағасы мемлекет басшысы болып есептеледі.  Қазақстан Республикасы мен Куба арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 24-інде орнатылды. 

Сауд Арабиясы Корольдігінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. Сауд Арабиясы Оңтүстік-Батыс Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Араб түбегінде және Қызыл теңіздегі, парсы шығанағындағы аралдарда орналасқан. Солтүстігінде Иорданиямен, Иракпен, Кувейтпен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Йеменмен, Оманмен, Біріккен Араб Әмірілігімен, Катармен шектеседі. Әкімшілік жағынан 13 ауданға бөлінеді. Астанасы - Ар-Рияд қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - реал. Сауд Арабиясы - абсолюттік монархия. Мемлекет басшысы - Король. Жоғары заң шығарушы органы - Король және Консультативтік кеңес. Жоғары атқарушы органы - Министрлер Кеңесі. Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1994 жылғы сәуірдің 30-ында орнатылды.

Дүниежүзілік метрология күні. Бұл күн өркениетті елдердің бәрінде арнайы түрде аталып өтеді. Атап айтқанда түрлі кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер түрінде көрініс тауып, әр ел өздерінің метрология саласында жүргізген жұмыстарының қорытындысын шығарады. Сондай-ақ өзара тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды деген мәселелер талқыға түсіп отырады. Метрология (грек тілінде metron - өлшем және logos - сөз, ілім) - өлшеу туралы өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері жөніндегі ғылым. Метрологияның негізгі мәселелеріне: өлшеудің жалпы теориясы, физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру, өлшеудің әдістері мен құралдары, өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы), өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрология жарамдылығын қамтамасыз ету (заңды метрология) эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау, эталондарды бірлік өлешемдерін тарату әдістері жатады. Метрология алғашқыда өлшеудің әр түрлі бейнесін (сызықты, сыйымдылық, салмақ, уақыт) жазумен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған ақша және олардың ара қатынасын табумен айналысты. Метрологияның күрт дамуына 1975 жылы Метрикалық конвенциясының (құрамында 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудің метрикалық эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші болды. Қазіргі кездегі метрология физика, химия т.б. жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірбиенің жоғарғы дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 жылы Семей және Жетісу губернияларындағы таразыларды, гірді, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды. Оның бөлімдері Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында жұмыс істеді. 1930 жылы палата Алматыға көшірілді. 1974 жылы Алматы қаласында арнайы эталондар сақтайтын ғимарат салынды. Республиканың метрологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны (мыс. қысым, температура, масса, ұзындық, электрлік сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық, т.б.) қолданылады. 2000 жылы Қазақстанда мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға енгізілді.

Бүкіләлемдік травмотолог күні

Әлемнің барлық елдеріндегі травматология және ортопедия саласындағы дәрігерлері жыл сайын өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Мәдениет бостандығы күні
Жыл сайын мамыр айының үшінші сенбісінде аталып өтеді. Бұл халықаралық күн 2012 жылы технологиялар арқылы білімге еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуді насихаттайтын Digital Freedom Foundation коммерциялық емес ұйымы тарапынан бекітілді.

Индонезиядағы ұлттық жандану күні
Бірінші индонезиялық «Биік мақсат» дегенді білдіретін «Буди Утомо» ұлттық ұйымының құрылған күніне арналған мерекелік күн. Оның негізі 1908 жылдың 20 мамыры күні қаланған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

76 жыл бұрын (1940) «Шығыс сақинасы» жол құрылысы басталды (Шығыс Қазақстан облысы).

22 жыл бұрын (1994) Талғар қаласында Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылды

19 жыл бұрын (1998) «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заң қабылданды.

19 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасының құқықтық мәртебесін, ұйымдастырушылық-саяси және ҚР астанасының экономикалық қызмет істеу негіздерін айқындайтын «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заңы қабылданды.

3 жыл бұрын (2014) Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылының тұрғыны өз ауласынан тауып алған 1905-1916 жылдардағы тиын ақшаны аудандық Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы мұражайына тапсырды.

3 жыл бұрын
(2014) Астанада Иорданияның экс-королі Хусейн бен Талалдың құрметіне көше аты берілді.

3 жыл бұрын (2014) Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында облыстағы ең ірі ұн тарту комбинаты ашылды.

3 жыл бұрын (2014) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Синьхуанеттің» бас директоры Тянь Шубиноға «Ақорда» кітабын сыйға тартты.

2 жыл бұрын (2015) Қызылордада шыны зауытының құрылысы басталды. Ол Титов шағын ауданындағы өндіріс алаңына салынып, 197 мың тоннаға жуық әйнек шығарады.

2 жыл бұрын (2015) Қазақстан Украинадағы ЕҚЫҰ-ның арнайы мониторингтік тапсырмасына қатысты.

18 жыл бұрын
(1999) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Байланыс туралы» Қазақстан Заңы жарық көрді

17 жыл бұрын (2000) «Алпамыс батыр» жырының 1000 жылдығы республика көлемінде аталып өтті.

16 жыл бұрын (2001, 20 мамыр - 5 маусым) Қазақстанда алғаш рет шахматтан халықаралық супертурнир өтті.

13 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негіздерінің мәртебесі, оларды әзірлеу, қабылдау және іске асыру тәртібі туралы шартты бекіту туралы» Заңға қол қойды.

12 жыл бұрын (2006) Сочиде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің төрағасы болып сайланды.

7 жыл бұрын
(2010) ИТАР-ТАСС агенттігінің кеңсесінде ағылшын жазушысы Джонатан Айткеннің «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның жасампаздығы» атты орыс тіліне аударылған кітабының тұсаукесері өтті.

7 жыл бұрын (2010) Бейжіңде қазақстандық делегация қатысқан 20-шы мерейтойлық Жаһандық әйелдер саммиті өтті.

6 жыл бұрын (2011 Астанада белгілі дін қайраткері, ойшыл Шейх Кунта-қажы Кишиев атындағы жаңа мешіттің ресми ашылу рәсімі өтті.
Кунта-қажы 356 мұсылман әулиелердің бірі саналады.

ЕСІМДЕР


20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР110 жыл бұрын
(1906-1944) Кеңес Одағының Батыры ИШАНОВ Естай дүниеге келді.
Қостанай облысының Жітіқара ауданында туған. Екінші Дүниежүзілік соғыс майданында 60-шы армияның 3-ші гвардия Бахмач жеңіл артиллерия бригадасының 206-ші полкі құрамында ұрысқа қатысқан. Гвардия кіші сержанты Ишанов Днепрдің батыс жағалауындағы Медвин ауданында болған ұрыста дұшпанның 3 танкісін, қару-жарақ тиеген 7 автокөлігін, батальонға жуық жаяу әскерін жойған. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ол Висла өзенінен өту кезіндегі ұрыста ерлікпен қаза тапқан.
2-ші дәрежелі Отан соғысы, 3-ші дәрежелі Даңқ, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Батырдың туған ауданы Жітіқарада ескерткіші орнатылған.





20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР105 жыл бұрын
(1911-1992) техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ГЕЦКИН Лев Соломонович дүниеге келді. Башқортостанның Уфа қаласында туған. Екатеринбургтегі Орал политехникалық институтын бітірген. Челябі, Өскемен мырыш зауыттарында, Бүкілодақтық түсті металдар институтының Қазақстандағы филиалында лауазымды қызметтер атқарған. Ол түсті металдар (қорғасын, мырыш, мыс) мен шикізаттарды кешенді пайдалану мәселелерін зерттеумен айналысқан. Оның басшылығымен Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында, Шымкент қорғасын зауытында металлургиялық тозаңдарды кешенді түрде қайта өңдеу технологиясы жасалып, өндіріске енгізілді. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары полиметалл концентраттарын өңдеу технологиясына және оларды кешенді пайдаланудың физикалық-химиялық негіздеріне арналған. Оның сирек кездесетін металдар кентасын кешенді пайдалану технологиясы селен өндіру процесінде қолданылды.
2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

98 жыл бұрын (1918-1995) экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ӘШІМБАЕВ Түймебай дүниеге келді. Жамбыл облысының Шу ауданында туған. Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Соғыс аяқталған жылы «ұлтшыл» деген жалған айыппен тұтқынға алынып, алты жыл саяси қуғын-сүргіннің азабын тартқан. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1958 жылдан Экономика институтының ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1973 жылдан өмірінің соңына дейін осы институттың директоры болған. Әшімбаевтың ғылыми еңбектері Қазақстандағы негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану, өндіріс қарқынын жетілдіру және оның экономикалық тиімділігін арттыру, инвестиция мен негізгі қордың ұдайы өндірісі, еңбек өнімділігін арттыру, қор қайтарылымы және қор сыйымдылығы мәселелеріне арналған. Оның өндірістік мүдде, ынталандыру және экономиканы басқару жөніндегі зерттеулерінде нарықтық экономикаға көшу, республика өндіргіш күштерінің жағдайы, даму барысы проблемаларына баса назар аударылған. Ғалымның 350-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 17-і монографиясы жарық көрген.
96 жыл бұрын (1920-2004) медицина ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі ҚАЙРАҚБАЕВ Матхалық Қайрақбайұлы дүниеге келді. Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында туған. Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Майдан госпиталінде ординатор, бөлім бастығы, Қырғыз ауыл шаруашылығы институтының оқытушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Өлкелік патология институты Өскемен филиалының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер-кеңесшісі қызметтерін атқарған.
«Пути предупреждения рака», «Дым родного отечества» атты еңбектері мен 160-тан астам ғылыми жарияланымдарының авторы.
Екі мәрте 2-дәрежелі Отан соғысының орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

92 жыл бұрын (1924-1993) ақын, драматург ТУҒАНБАЕВ Қашаф дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Мектеп бітіргеннен кейін ауданда шығатын «Социалды шаруа» газетінде жауапты хатшы болып қызмет істеген. Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары Семей облыстық лекция бюросының лекторы, Облыстық «Екпінді» газетінің бөлім меңгерушісі, Абай мемориалдық мұражайының директоры, Абай атындағы Семей облыстық театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1958 жылы қаламгердің «Партбилет» атты тұңғыш лирикалық өлеңдер мен дастандар жинағы жарық көрді. Қ.Туғанбаевтың ұжымдастыру тұсындағы ауыл өмірін бейнелеген «Қызыл Катран» пьесасы облыстық театр сахнасында жиі қойылды.

87 жыл бұрын
(1929-2000) жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері ТІЛЕМІСОВ Хайдолла Әбдірахманұлы дүниеге келді.
Қостанай облысының Қостанай ауданында туған. Меңдіқара педагогикалық училищесін бітірген. Ол ақындардың аудандық айтысына қатысып, өнерімен көзге түседі де, 1944 жылы Қостанайда ашылған облыстық филормонияға қызметке шақырылады. 1949-1951 жылдары - Қостанай облыстық «Большевиктік жол» газетінің әдеби қызметкері. 1951-1955 жылдары - Қостанай облыстық радиосының аға редакторы. 1955-1960 жылдары «Жас алаш» газетінің бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі. 1960-1970 жылдары Қазақ радиосы мен телевизиясының, Қазақ радиосының, Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. 1970-1996 жылдары республикалық «Қайнар» баспасының бас редакторы, директоры болды.
Х.Тілемісовтің «Қияннан қияға», «Азамат» атты повестері мен «Екінші тың ерлері» очерктер жинағы жарық көрген. И.Авжюстің «Шайқалған шаңырақ», А.Чайковскийдің «Жеңіс», А.Беляевтің «Ауа саудагері», «Бас туралы хикая», «Әлем әміршісі», «Ариэль» романдары мен М.Михеевтің «Ақтаңдақтар құпиясы», «Вирус В-13» атты повестерін қазақ тіліне тәжімалаған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, медальдармен марапатталған.

83 жыл бұрын
(1933-2002) тіл білімінің маманы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері ИМАНБАЕВ Ауғанбай дүниеге келді. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1957 жылдан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми, аға ғылыми қызметкері болған. Ол қазақ тілінің екі томдық және он томдық түсіндірме сөздіктерінің құрастырушылардың бірі болған. Сонымен қатар, Иманбаев қысқаша орысша-қазақша және үш томдық диалектологиялық сөздіктерді құрастыруға қатысқан. Лексикология, диалектология бойынша біраз мақалаларды жарияланған.

83 жыл бұрын (1933-1987) медицина ғылымының докторы, профессор ҚАБИЕВ Одақ дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында туған. Алматы медицина институтын және аспирантурасын бітірген. 1961-1973 жылдары Республикалық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты эксперименттік бөлімінің меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған. Оның басшылығымен қатерлі ісік ауруына қарсы көптеген жаңа препарат түбегейлі зерттеліп, емдеу тәсілдері ұсынылды. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми кеңесі бастығының орынбасары, Республикалық фармакология және фармацевтика комиссиясының бастығы, Онкологтар қоғамының бас хатшысы болған.


20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР82 жыл бұрын
(1934) әнші, Қазақстанның халық әртісі, профессор ҚАРАЖІГІТОВ Нариман дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын, Алматы консерваториясын бітірген. Өнер жолын көркем өнерпаздар үйірмесінен бастады. 1963-1968 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының әншісі болды. Ол Айдар (А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай»), Ақан (С.Мұхамеджанов «Ақан сері - Ақтоты»), Біржан (М.Төлебаев «Біржан - Сара»), Жек (Н.Жиганов «Алтыншаш»), Владимир Игоревич (А.Бородин «Князь Игор»), Дон Оттавио (В.Моцарт «Дон Жуан») тағы басқа партияларды орындаған. Гастрольдік сапармен Канада, Үндістан, Финляндия, Польша, Сирия, Куба, тағы басқа елдерде болған. әншінің репертуарында қазақ халық әндері, орыс романстары, қазақ, орыс және шет ел композиторларының әндері бар. 1968 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында педагогикалық қызметпен айналысады.

80 жыл бұрын (1936) Техника ғылымының докторы, профессор, бірнеше ғылыми академиялардың академигі, ҚР Министрлер Кабинеті сыйлығының лауреаты БЕЙСЕБАЕВ Ақылжан Мәсімханұлы дүниеге келді. Алматы облысының Талғар қаласында туған. Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. 1960-1964 жылдары - «Қарағандыкөмір» комбинатының тау-кен шебері, шахта телімі бастығының көмекшісі, қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші маманы. 1964-1999 жылдары - қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, профессоры. Қазіргі қызметінде 1999 жылдан бастап істейді. Ол Қазақстанда алғашқы болып «Кен өндірісінің физикалық процестері» мамандығы бойынша инженер-физиктерді (аттырушыларды) және «Атылғыш заттар технологиясы» мамандығы бойынша инженерлер даярлауды ұйымдастырып, сонымен қатар студенттерді толассыз тәжірибелік әдіс арқылы дайындау әдістемесін жазған. Оның жетекшілігімен 2 докторлық және 6 кандидаттық диссертация қорғалды. 200-ден артық ғылыми-еңбектің, соның ішінде 22-і монографияның, 2-і оқулықтың, анықтамалықтың және 40 өнертабыстың авторы, бірқатар еңбектері қытай, болғар және поляк тілдеріне аударылған. Сондай-ақ өлең жинақтары және тарихи-көркем кітаптары бар. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және II және III дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен марапатталған.


20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР80 жыл бұрын
(1936) жазушы, сценарийші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, КСРО телевизиясы мен радиосының үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері ТОБАҒАБЫЛ Төлепберген дүниеге келді.
Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған. Еңбек жолын Тереңөзек аудандық «Еңбек майданы» газетінен бастап, «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақ радиосының редакторы, Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы, «Қазақтелефильм» студиясының сценарий жөніндегі алқасының мүшесі, Қазақ радиосының бас редакторы, Халықаралық «Тұран» радиосының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Тіл комитетінің бөлім бастығы болған. Қазір бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуда. Жазушының «Жазира», «Жүрегім соғып тұрғанда», «Тағы да күз» повестері, «Тағдыр», «Түсінсең енді мені» атты повестері мен әңгімелері, «Өңшең мықты» атты өлеңдері, т.б. жинақтары жарық көрген. Сондай-ақ «Көктемнің ең ұзақ күні», «Коммунист Мұқан Көккөзов», «Құзар» атты деректі телефильмдер сценарийлерінің авторы.
«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, үш мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР80 жыл бұрын
(1936-1995) филология ғылымының кандидаты, профессор АРЫНОВ Мұхтар Ғалиұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Алматы мемлекеттік шет тілдер институтын бітіргеннен кейін осы оқу орнының оқытушысы, кафедра меңгерушісі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтының проректоры, Білім министрлігінің бөлім меңгерушісі болған. 1983 жылдан өмірінің соңына дейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің ректоры болды. Оның «Неміс тілінің қысқаша грамматикасы», «Неміс тілі грамматикасы» оқулықтары тіл білімі ғылымындағы елеулі табыс ретінде бағаланады. Ол 1989 жылы халыаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылуына ұйытқы болып, Ақтөбе облысындағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы ретінде қазақ тілінде оқытатын мектептердің ашылуына көп күш-жігерін жұмсады. Арыновтың ұйымдастыруымен «Ақтөбе өңіріндегі білім беру жүйесінің дамуы» мұражайы, Абай мұражайы ашылды. Оның ұлттық философиялық, дидактикалық, этнографиялық және этнолингвистиклық деректер негізінде жазылған «Бес анық» кітабы қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын зерделеуге арналған алғашқы еңбектердің бірі, сонымен қатар ұлттық рухтың ерекшелігін көрсететін тіл, дін, салт-дәстүр, тарих, атамекен туралы ой-толғамдары халықтық педагогика пәнінің қалыптасуына негіз болып қаланды. Ол Есет, Көтібар батырлардың, күйші Қазанғаптың тарихи-сәулет кешендерінің бой көтеруіне ұйытқы болды. Әйтеке бидің, кердері Әбубәкірдің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге елеулі үлес қосты. Ол ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының «Тілдер туралы», «Жоғары білім туралы» заңдарының қабылдау мен талдау жұмысына қатысқан.


20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР78 жыл бұрын
(1938-1985) актер, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері МОЛДАБЕКОВ Әнуар Әбіханұлы дүниеге келді. Алматы облысының Іле ауданында туған. Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры студиясын профессор Ә.Мәмбетов пен Н.Жантөриннің жетекшілігімен бітірген. 1960-1965 жылдары Қарағанды облыстық қазақ драма театрының құрамында, ал 1965 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актер болып қызмет еткен. Отты қызулық, айқындық пен идеялық тереңдік оның актерлік өнеріне тән қасиет. Молдабековтың спектакльдердегі басты рөлдері қатарында Досым (Қ.Аманжолов «Досымның үйленуі»), Мәмбет (Ш.Айтматов, Қ.Мұхаметжанов «Көктөбедегі кездесу»), Қобланды, Кебек (М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобланды», «Еңлік - Кебек»), С.Сейфуллин (С.Мұқановтың осы аттас драмасы), Жантық (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Керім (Әуезов, Л.Соболев «Абай»), Алдаркөсе (Ш.Хұсайыновтың осы аттас комедиясы), т.б. бар. 1965 жылдан киноға түсіп, Мұса («Ән қанатында»), Тәжібай («Қилы кезең»), Шеге («Қыз Жібек»), Еркебұлан («Кездеспей кеткен бір бейне»), Еламан («Қан мен тер»), Қасым Батыров («Қала қалқаны»), Қожабек («Қаралы сұлу») бейнелерін сомдаған. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.


20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР77 жыл бұрын
(1939-2012) философия ғылымының докторы, профессор ҚАЛМЫРЗАЕВ Әбдеш Сәрсенұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. «Егемен Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1969-1985 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары. 1985-1990 жылдары - Көкшетау облыстық партия комитетінің хатшысы. 1990-1994 жылдары - Алматы жоғары партия мектебінің, Алматы саясаттану және басқару институтының ректоры, Қазақстан менеджмент, экономика жне болжау институты саясаттану және әлеуметтану бөлімшесінің директоры. 1994-2006 жылдары «Мысль» қоғамдық-саяси журналының бас редакторы болған. Ғалымның «Ұлт және қоғамдық келісім», «Ұлт және адам», «Қазақстандық патриотизм», т.б. кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында В.Распутиннің повестерін қазақ тіліне тәржімалаған.
«Достық», «Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.


20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР77 жыл бұрын
(1939) ақын, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының, Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі КҮМІСБАЕВ Өтеген дүниеге келді. Қызылорда облысының Жалағаш ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институтын және аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын аудандық газетте әдеби қызметкерден бастап, «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. Ұзақ жылдар бойы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық қызмет атқарған. Қазіргі уақытта аталған университеттің шығыстану факультеті ирантану және үндітану кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Ө.Күмісбаевтың 10-нан астам өлең, әңгіме, повесть, ғылыми кітаптары жарық көрді. Өлеңдері орыс тіліне аударылып, Мәскеуде шыққан жинақтарда басылды. Парсы-үнді классигі Әмір Хұсрау Дехлевидің «Жұмақтың сегіз бағы» дастанын түпнұсқасынан, сондай-ақ М.Рыльскийдің «Раушан мен жүзім» өлең-поэмаларын тәржімалады. Ғалымның шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің өзара байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай мен Шығыс», «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» монографиялары бар.


20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР69 жыл бұрын
(1947) ҚР Парламенті Мәжілісі V шақырылымының депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі КИЯНСКИЙ Виктор Владимирович дүниеге келді. Ол Батыс Қазақстан облысының Нехворощенка селосында туған. Ташкент мемлекеттік университетін бітірген. Техника ғылымдарының докторы, професссор, ХЭҚҒА және ХЭА академигі. Университетті бітіргеннен кейін Орал қаласындағы «Омега» прибор жасау зауытында инженер болып жұмыс істеген. 1972-1983 жж. «Омега» прибор жасау зауытының Орталық зауыт зертханасының бастығы. 1983-1994 жж. - Батыс Қазақстан аграрлық университетінің химия және экология кафедрасының меңгерушісі. 1994-1995 жж. - XIII шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1995 жылғы қыркүйектен бастап - Батыс Қазақстан аграрлық университетінің химия және экология кафедрасының профессоры. 1996-2007 жж. «Сараптау және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары. 2007-2011 жж. - IV шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 ж. - V шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.«Достық», «Парасат» ордендерімен және «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл» және «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған. Неміс тілін меңгерген.

68 жыл бұрын (1946-2002) тарихшы-мұрағатшы, тарих ғылымының кандидаты ХАСАНАЕВ Марат Жақсыбайұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Мәскеу тарих-мұрағат институтын бітірген. 100-ден астам ғылыми еңбектің және «Архивное строительство в Казахстане (1920-1980)» атты кітаптың авторы. 1975-1979 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас мұрағат басқармасының инспекторы, аға инспекторы. 1979-1994 жылдары - ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры. 1994-1996 жылдары - ҚР Бас мұрағат және іс қағаздары басқармасының бастығы. 1996-2000 жылдары - «Сорос-Қазақстан» қорының сарапшысы. 2000-2002 жылдары - ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры болды.


20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР61 жыл бұрын
(1955) Қызылорда облысының әкімі КӨШЕРБАЕВ Қырымбек Елеуұлы дүниеге келді.
Ол Қызылорда облысы Қазалы қаласында туған. Қазақ политехникалық институты (1978 ж.), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы (1991 ж.) бітірген. 1978-79 жж. - «Главриссовхозстрой» ПМК-112 инженері, өндірісті дайындау тобының бастығы, Кызылорда қ.
1979-81 жж. - Қызылорда облысының күріш инженерлік жүйесінің - Бүкілодақтық екпінді комсомолдық құрылысының штаб бастығы
1981-88 жж. - Қазақстан ЛКСМ комсомолдық қызметін меңгеру.
1988-91 жж. - СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты
1991 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты Мәдениет және ұлтаралық қатынастар референтурасының референті
1991-94 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі
1994-95 жж. - Алматы қаласы Калинин ауданының әкімі
1995-96 жж. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты басшысының орынбасары - ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары - аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі
1996-97 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы - Баспасөз қызметінің жетекшісі
1997-99 жж. - Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі
1999 ж. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі
1999-2000 жж. - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
2000-03 жж. - Қазақстан Республикасы Батыс-Қазақстан облысының әкімі
2003-06 жж. - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті өкілі, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті өкілі (қосып атқарды), Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті өкілі (қосып атқарды)
2006 ж - Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының әкімі
2012 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
2012 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2013 жылдың қаңтарында Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.


20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР217 жыл бұрын
(1799-1850) француз жазушысы БАЛЬЗАК (Balzac), Оноре де дүниеге келді.
Париж заң мектебін бітіріп, Сорбоннада әдебиет жөнінде лекция тыңдаған. Алғашқы жарық көрген шығармасы - «Кромвель» трагедиясы. Бальзақтың есімі «Шуандар» атты тарихи романымен білгілі болды. Қаламгердің тоқсан шығармасы енген «Адам комедиясы» адамгершілік этюдтері, философиялық, аналитикалық этюдтер болып үш топқа бөлінген. «Адам комедиясы» - француз қоғамын шынайы бейнелеген көркем ірі туындылар жинағы. Шығармада тұтас тарихи дәуірдің өте кең суреті жаңғыра бейнеленді. Жазушы шығармалары ХІХ ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетінің шыңы болды. Оның суреткер ретінде қолданған көркемдік әдісі жиынтық формада (гуманизм, ағартушылық идеясы, готикалық роман, романтикалық мектеп, тағы басқалар) көрініс берді. Бальзак шығармаларын В.Гюго, Ж.Санд, Ф.Достаевский, М.Әуезов жоғары бағалады. «Шегірен былғары» романы, «Горио атай» повесі, «Памэла Жиро» пьесасы қазақ тіліне аударылған.


20 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР170 жыл бұрын
(1846-1902) орыс шығыстанушысы, ағартушы, миссионер КАТАРИНСКИЙ Василий Владимирович дүниеге келді.
Ресейдің Орынбор қаласында туған. Қазан қаласындағы діни семинарияны, кейін діни академияны бітірген. 1975 жылдан бастап Орынбор округінде татар, башқұрт және қазақ мектептері жөніндгі окургтік инспектор болып тағайындалып, осы жұмысты ұзақ жылдар атқарған. Сонымен бірге діни мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының барысын бақылап отыру тапсырылған. Ол Алтынсариннің оқу ісі саласындағы идеяларын қолдап, оның іске асуына тікелей көмек берген. Торғайда облыстық және ауылдық училищелер мен мектептердің ашылып, қалыптасуына көп еңбек сіңірген. Ырғыздағы қыздар училищесіне және Орскідегі қазақ оқытушыларын даярлайтын мектепке қамқоршы болған. Сондай-ақ Орынбор окургіне қатысты оқу-ағарту істерімен байланысты құжаттар даярлап, олардың жүзеге асуына ерекше көңіл бөлген. Оның қазақ мектептері үшін орыс тілінде «Қырғыздарға арналған әліппе», «Қырғыздарға арналған орыс тілінің бастапқы оқулығы» атты оқу құралдарын жазып, қазақ тілінің грамматикасын, сөздігін жасауға қатысқан.

 

 

 

 

Басты сөздер: Күнтізбе,

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер