20 қазанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (қар) күтіледі, тек батыста және оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.

Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, түнде  Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар