20 қарашада өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 20 қараша күні өтетін маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

АСТАНА

Сағат 09:00 уақытында Оқушылар сарайында «Қазақстан - балаларға мейірімді мемлекет» атты республикалық балалар форум-фестивалі ұйымдастырылады. Шараны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ҚР Парламенті Мәжілісінің, Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің және БҰҰ-ның Қазақстандағы ЮНИСЕФ Балалар қорының қолдауымен өткізеді.

Сағат 10:00-де Мәжілісте «Үкімет сағаты» басталады.

Сондай-ақ 10:00-де ҚР Қаржы министрлігінде Қазақстанның корпоративтік есеп беру инфрақұрылымы бойынша шаралар жоспарын талқылауға қатысты отырыс өтеді.

Сағат 11:30-да Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының тұрғын үй мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырысы басталады.

Сонымен қатар, 11:30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Qazaqstan» ұлттық арнасының тапсырысы бойынша түсірілген «Балет. Бекзада өнер бесігі» көркем фильмінің тұсаукесері өтеді. Баспасөз мәслихатына «Qazaqstan» ұлттық арнасының директоры Асқар Әшімов, көркем фильмнің авторы мен продюсері Динара Сәтжан, Қазақ ұлттық хореография академиясының тәлімгері Раушан Төлегенова қатысады.

Бұдан бөлек, сағат 15:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Бүкіләлемдік балалар күніне орай халықаралық конференция өтеді. Модератор - Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева.

Сағат 15:00-де «Қазақстанның қазіргі қоғамының құндылықтарын қоғамдық сананың жаңғыруы аясында сараптау» мемлекеттік грантының жүзеге асырылуының қорытындысы бойынша брифинг өтеді.


АЛМАТЫ

Сағат 11:00 кезінде «Қазақстан Халық банкі» АҚ 9 айдың қаржылық қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді. Спикерлер: «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, оның орынбасары Мұрат Көшенов пен Марат Әлменов, «Казкоммерцбанк» АҚ-ның басқарма төрағасы Ульф Вокурка.

Сағат 19:00 уақытында Қазақстан-Жапония достастық қоғамдастығының, «Art-Area» мәдени бастамалар қорының және Ермек Тұрсыновтың киноклубының ұйымдастыруымен жапон киноларының кеші өтеді. Шараның құрметті қонағы - Қазақстандағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата.


МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

Сағат 09:00 уақытында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Маңғыстау облысына ресми сапармен келіп, өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.


Оңтүстік Қазақстан облысы

20 қараша  күні  сағат 10.00-де Шымкент қаласында салынып жатқан тұрғын үйлермен таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылады. Оның барысында журналистер «Шымкент сити» шағын ауданында бой көтеріп жатқан көпқабатты 14  тұрғын үйдің,  Әкімшілік-іскерлік орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің,  Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарын аралайды. Сондай-ақ салаға жауапты мамандар баспана алудың тәртібімен таныстыратын болады.

Соңғы жаңалықтар