20-дан астам қазақстандық компания Ұланбатырдағы сауда миссиясына қатысты

None
None
БЕЙЖІҢ-ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - Ұланбатырда 20-дан астам қазақстандық компания мен 100-ден астам Моңғолия шағын және орта бизнес өкілдері қатысқан қазақстандық-моңғолиялық сауда миссиясы өтті, деп хабарлайды Бейжіңдегі ҚазАқпарат тілшісі.

Шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ және Моңғолия Ұлттық сауда-өнеркәсіптік палатасы Моңғолиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.


«Біз бұл шараны екі ел арасындағы ынтымақтастықты B2B форматында (business-to-business - ред. авт.) дамытудың тиімді механизмі ретінде қарастырудамыз. Негізгі мақсат - екі елдің шағын және орта бизнес өкілдері арасында тығыз іскерлік байланыстар орнату және экспортталатын қазақстандық өнімдерді Моңғолия нарықтарында жүзеге асыру мүмкіндіктерін іздеу», - деді Моңғолиядағы Қазақстан елшісі Қалыбек Қобландин ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатта.

Оның айтуынша, сауда миссиясы алаңдарында қазақстандық кәсіпкерлер Моңғолия мемлекеттік органдары өкілдерімен кездесу өткізді және екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

 

Соңғы жаңалықтар