20-25 маусым күндері Астанада Ақмола облысының Мәдениет күндері өтеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанада Ақмола облысының Мәдениет күндері өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақмола облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 20-25 маусым күндері аралығында өтетін Мәдениет күндері аясында Ақмола облысы филармониясының өкілдері, облыстың ең үздік шығармашылық көркемөнерпаз ұжымдары гала-концерттер береді. Кескіндеме суреттерінің, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жұмыстарының көрме-сатылымдары өтеді. Сондай-ақ  қазақ халқының салт-дәстүрін айшықтайтын этноауылдағы театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар мен ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылатын болады.

Назарларыңызға іс-шаралардың тізімін ұсынамыз:

- Ақмола облысы шығармашылық ұжымдарының «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты гала-концерті («ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің амфитеатры, 20 маусым, сағат 21.00 - 22.10)

- Ақмола облысы Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы (Астана қ. әкімдігінің алдындағы алаң, 21 маусым, сағат 19.00-21.00)

- «Ақмола жұлдыздары» атты гала-концерт, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі, «2017.EXPO.АКМОLA» әдеби саябақ («Отан қорғаушылар» монументі алдындағы «Парус» сахнасы, 23 маусым, 11.00-17.00);

- Этноауылдағы театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар барысында Көкшетау қаласы мен Бурабай, Шортанды және Қорғалжын аудандарының қолөнер шеберлері шеберлік сабақтарын береді, «Блэк» ЖШС ұлттық нақыштағы табиғи заттардан жасалған жұмыстарын көрсетеді. («Қазанат» ипподромы, 22-25 шілде, 11.00-20.00);

- Облыстық шығармашылық ұжымдардың «Дала сыры» атты концерті («Қазанат» ипподромы, 22 маусым сағ. 11.00 - 20.00);

- М.Шахановтың повесі бойынша облыстық Орыс драма театрының «Шыңғысхан» рок-операсы (этноауыл амфитеатры, 23 маусым сағат12.00-13.20 )

- Ш.Құсайынов атындағы облыстық Қазақ музыкалық-драма театрының «Көкше әуендері» атты концерттік бағдарламасы (этноауыл амфитеатры, 24 маусым сағат 18.00-20.00)

- Ш.Құсайыновтың «Анамның ақ көйлегі» драмасы, Ш.Құсайынов атындағы облыстық Қазақ музыкалық-драма театры («Жастар» сарайы, 23 маусым, сағат 19.00);

- «Бременские музыканты» балалар қойылымы, облыстық Орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 21-25 маусым, сағат 1100);

- А.Островскийдің «Бесприданница» караоке - мелодрамасы, облыстық Орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 22 маусым, сағат 19.00);

- М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы, облыстық Орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 23 маусым, сағат 19.00);

- П.Морозованың музыкалық феериясы бойынша «Алые паруса» қойылымы, облыстық Орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 24 маусым, сағат 19.00);

- Е.Шварцтың «Дракон» трагифарсы, облыстық Орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драмтеатры, 25 маусым, сағат 19.00)

Соңғы жаңалықтар