2 жыл тиімсіз еңбек еткен мемлекеттік қызметші жұмысымен қоштасады - агенттік

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметтегі жұмысы тиімсіз қызметкерлер қосымша сыйақыдан қағылады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік қызметтегі жұмысы тиімсіз қызметкетшілер қосымша сыйақыдан қағылады. Егер мемлекеттік қызметшілердің жұмысына екі жыл бойы «қанағаттанарлық дәрежеде еңбек атқармады» деген баға берілсе, онда бұл оны жұмыстан шығаруға толық негіз болады», - дейді Айгүл Шайымова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Аталған агенттіктің өкілі, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалайтын «өлшеуші» жүйенің енгізілетінін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметкердің көрсеткішін қалай анықтауға болады деген сұраққа келер болсам...  Жұмысының және қызметтік міндетемесінің ерекшелігін есепке ала отырып, әрбір мемлекеттік қызметкердің жұмысын бағалауға арналған индикаторлар енгізіледі. Демек, біз нені айтып отырмыз? Яғни, ол (мемлекеттік қызметкер - авт.) атқаратын құжаттардың мазмұны, маңызы мен саны, келген хаттарға жауап даярлау деңгейі, сонымен бірге ол қызметкерлердің қызметтік міндеттемелік тәртібі есепке алынады. Егер мемлекеттік қызметкер бірнеше рет қызметтік тәртіпті бұзатын болса, мұның барлығы есепке алынып, қорытындысында оның жұмысына жалпы баға беріледі», - дейді Айгүл Шайымова.

Соңғы жаңалықтар