2 жасар бүлдіршіннің денесі ауладағы əжетханадан табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда іздеу салынған 2 жастағы бүлдіршін өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бала ауладағы əжетхана тесігіне түсіп кетіп көз жұмған болған.

«Жоғалып кеткен екі жастағы Есімхан Аниз өлі күйінде табылды. Əжетхана тесігіне түсіп кеткен. Үлкендер баланы ұйқыдан тұрған соң 11-де іздей бастаған. Бала таңертең шығып кеткен», - деді қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Əзірбек.

Естеріңізе сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Шаңырақ шағынауданының тұрғыны аулада ойнап жүрген баласы жоғалып кеткенін айтып полицияға хабарласқан. 2 жастағы Есімхан Аниз таңертең үйден шығып кеткен. Ата-аналары сағат 11-де тұрып жан-жақтан іздей бастайды. Баланы іздестіруге Алматы полициясының гарнизоны жұмылдырылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар